Қызылордада теміржолды жөндеу жұмыстары жалғасуда (Фото)

Инфрақұрылым
14.08.2023, 12:39
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты телімдерде жолды күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Аймақ бойынша биыл 70,013 шақырым жолды күрделі жөндеу жоспарланған. Жыл басынан бері екі учаскеде күрделі жөндеу жұмысы нәтижелі тәмамдалып, үшінші учаске –  Диірментөбе – Қорқыт станциялары аралығында күрделі жөндеу жұмысы басталды.  

Темір жолдарды жөндеу жұмыстарына маманданған «Integra Construction» серіктестігінің Әмірхан Жолдасбай басқаратын «Батыс» филиалы Қазалы учаскесінің теміржолшыларының алдында 19,900 шақырымды жаңарту міндеті  тұр. Ағымдағы жылдың маусым айында Диірментөбе-Төретам бекеттері аралығына 26,641 км жол жаңадан салынған болатын. Ал шілде айында Арал теңізі мен Сапақ станциялары арасында 23,589 шақырымның ескі жолдары түгел сөгіліп алынып, су жаңа жол қабаты төселді. Екі телімде де отандық өнімдер пайдаланылды.  

Міне, кезек Қорқытқа келді. Қатарынан екі рет толаскез алынып, екі күнде екі шақырымнан астам жолға рельс тізбектері төселіп үлгерді.

– Биылғы жылға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр. Бөлімшенің солтүстігіндегі Арал теңізі – Сапақ – Аралқұм станциялары арасындағы 23,589 шақырымға жаңа темір-бетонды шпал төселіп, жаңа рельс тізбектері салынды. Осы учаскенің 6000 шаршы метріне қиыршық тас түсіріліп, Дуомат, ДГС, ПРБ, ЛБ және ВПО ауыр жол машиналарының көмегімен жол бабына келтірілуде. Осы тамыз айында бұл учаскедегі жолдың бабы технологиялық талапқа сай келтіріліп, толықтай пайдалануға беріледі. Диірментөбе – Төретам аралығында төселген 26,641 шақырым жол да түгел жаңа материалдан салынды. Бұл учаскенің 6,965 шақырымына үшінші қабатты қиыршық тас төселіп, ПРБ ауыр жол машинасының көмегімен жолдың сапасын келтіру, түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде өздеріңіз көріп тұрғандай, Қорқыт бағытында жұмыс жүріп жатыр. Жоспардағы 19,900 шақырымның 2,997 шақырымы салынып бітті. Жұмыс алдағы қыркүйек айына дейін жалғасып,   жолға су жаңа отандық рельс төселетін болады, – деді «Integra Construction»  ЖШС  «Батыс» филиалы Белкөл телімінің басшысы Дәурен Сұлтамұратов.

Диірментөбе – Қорқыт аралығында қызу жұмыс. Ескі рельстер УК-25/18 көтергіш кранының көмегімен сөгіліп алынып, Қазалы жол дистанциясының мамандары белгілеп берген жол төсемінің 40-45 сантиметр қалыңдығы ауыр тракторлармен сүріліп алынуда. Жол табаны тегістелген соң 25 метрлік рельс тізбектері салынады. Одан кейін табанына қиыршық тас төселіп, ауыр жол машиналары жұмысқа кірісіп, түзету мен тегістеу, жолдың рельс қабатын нығыздау жұмыстары жүргізіледі. Техникалық талапқа сай бабына келтірілген соң жол мамандарының сараптамасымен учаскелік жылдамдық белгіленетін болады.  

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде