Аягөз – Бақты теміржол телімінің шекарасы нақтыланды

Инфрақұрылым
26.09.2023, 09:24
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Абай облыстық әкімдігінде теміржолшылар мен атқарушы билік өкілдері бас қосқан жиын өтті. Басты тақырып жаңадан салынатын Аягөз – Бақты теміржол телімінің шекарасын нақтылау және осы бағыттағы алдағы уақыттарда атқарылатын жұмыстарды пысықтау болатын.

Күн тақырыбындағы өзекті мәселелер қатарында Қазақстан мен Қытай шекарасын Семей – Ақтоғай телімімен байланыстыратын жаңа теміржол құрылысы үшін жерлерді резервке алу мәселесі қаралды. Аталмыш жаңа телім қазіргі Аягөз, Үржар және алдағы уақытта жаңадан құрылатын Мақаншы ауданының аумағымен өтеді. Сәйкесінше бірқатар мәселелер бар. Себебі жаңа теміржол елді мекендер іргесімен өтіп, ауылшаруашылық мақсатта пайдаланылатын аумақтарға түседі. Бұл ретте Таскескен ауылы сынды аса күрделі аумақтар бар. Осынау мәселелер бойынша негізінен жергілікті атқарушы билік өкілдері жұмыс жүргізуде.  

Айта кетер жайт, жаңа теміржол телімін сапалы салу үшін әрі жергілікті тұрғындар тарапынан реніш тудырмау үшін әлі де біршама жұмыс жүргізу қажет. Осы тарапта қажетті жер телімдерін резервке алумен айналысатын комиссия құрылды. Оның жұмысын облыс әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов өз назарына алатын болды.  

Сонымен қатар аталмыш отырыс барысында Семей ЖТ бөлімшесі басшылығы өтінішімен комиссия мүшелері болжамды теміржол бағытын жан-жақты түрде талқылап, жер учаскелеріндегі меншік иелерінің тізімін қарастырды. Бұл орайда Семей магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Айдос Жаманбаев пікір білдіріп өтіп, теміржолшылар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар қатарымен де кең көлемде таныстырып өтті. Аталмыш шара ұлттық компания басшылығының назарында тұрғандығын айта кеткен орынды.  

Тоқтала кетерлігі, жаңа теміржол Қазақстан мен Қытай мемлекеті арасындағы тауар айналымын елеулі мөлшерде арттырып, сонымен қатар теміржол арқылы жүктерді тасымалдау инфрақұрылымын жақсарта түсуге ықпал етеді деп күтілуде.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті