«Өндірістегі» өткел мәселесі қашан шешіледі?

Инфрақұрылым
23.01.2024, 08:48
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елордада «Өндіріс» тұрғын алабындағы (ел арасында «Лесозавод» атауымен таныс) теміржол өткелі – астаналықтар үшін талай жылдан бері жыр болып келе жатқан мәселе. 

Аталған аудан тұрғындары Малахов көшесіндегі осы өткел арқылы қала орталығына күн сайын қатынайды. Алайда өткелдегі жолдың дұрыс жөнделмеуі автокөлік ағынына кедергі келтіріп, тұрғындар шағымы күшейген.

Ойдым-ойдым, шұрық-тесік өткелдегі жолға жеңіл-желпі жөндеу жүргізілгенімен, бұл жерге түсетін жүктеменің көптігінен жол тез бұзылып, жарты жылда бәз-баяғы күйіне қайта түседі. Көліктен бөлек жолаушыларға арналған екі көпір де алыс болғандықтан жаяу жүргіншілер осы маңда пойыз тоқтаса, вагондар астынан өтіп, өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан теміржолшылар да, қала тұрғындары да бұл мәселені тек сол маңнан автокөліктерге арналған көпір салу арқылы ғана шешуге болады деп санайды. Осы өтінішпен олар жергілікті билік өкілдеріне бірнеше рет шыққан. Алайда, жергілікті билік тарапынан бұл мәселе бойынша нақты шешім жоқ.  

– Былтыр шілде айында осы өткел мен көшедегі жүргіншілер жолына тесіктерін бітеп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бірақ қозғалыстың тығыздығынан жол сапасы тез нашарлап кетті. Осыған орай өткелдерді жөндеу/абаттандыру бойынша жұмыс жүргізуге ақау актісі толтырылып, техникалық сипаттамасы әзірленіп бекітілді. Былтыр 22 қарашада Ақмола магистральдық желі бөлімшесі мен «ITS» ЖК арасында «Аумақты асфальттау» бойынша жұмыстар жүргізуге келісімшарт жасалды. Қазіргі таңда осы келісімшарт бойынша жұмыстар ауа райының қолайсыздығына байланысты сәуір айына шегерілді, себебі қазір қыстың күні, қар қатып жатқан кезде жасалған жұмыс бәрібір сапасыз болып, кеткен материал мен қызмет босқа шығын болады, – дейді Астана жол дистанциясы бас инженері Төленді Шапшекеев.  

Оның айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президентінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 1627-ЦЗ бұйрығына сәйкес өткелдің шекті аумағына рельстен бастағанда 10 метрге дейінгі қашықтық қана жатады, ал қалған жер мемлекеттік мекемелерге тиесілі.  

 

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды