Қандыағаш станциясында күрделі жөндеу жоспары толық аяқталды

Инфрақұрылым
18.11.2025, 09:10
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы он айда Қандыағаш станциясы бойынша теміржол желісінде ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар пойыз қозғалысының қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған.

Қандыағаш жол дистанциясының өндірістік-техникалық бөлім басшысы Сәния Блимованың айтуынша, жол жөндеу жұмыстары өнімді жүрген. Соның ішінде күрделі жөндеу жоспары толық орындалды. Жыл басында бекітілген жоспар бойынша 19,045 км теміржол желісін күрделі жөндеуден өткізу көзделген. Бұл жұмыс 100% орындалып, жоспарланған межеге толық жетті.  

Атап айтқанда, ПЧ-6 учаскесіндегі «Кенжалы-Разъезд 142» аралығындағы 133-143 км және «Разъезд 174-Жарлы» 178-188 км аралығындағы жолдарда күр делі жөндеу кестеге сай уақытылы жүргізілді. Бұл учаскелер соңғы күрделі жөндеуді сонау 1985-1986 жылдары көрген болатын. Ескірген рельс пен шпалдар жаңа P65 SKL маркалы элементтерге ауыстырылып, балласт негізі жаңартылып, жол табаны қайта жаңғыртылды.  

Дистанцияда күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары да жүріп жатыр. Шпал және бағыттамалық бұрмаларды жаңарту жұмыстары да қат-қабат атқарылуда. 10 км көлеміндегі шпалдарды жаңарту жыл соңына дейін аяқталады. Ал бағыттамаларды ауыстыру жоспардан артық атқарылды. Жоспардағы 7 дана орнына 24 дана бұрма жаңартылды.  

«Негізгі жөндеу жұмыстары Жаңасай, Қандыағаш және Ноғайты станциялары аумағында жүргізілді. Бұл учаскелерде қозғалыс қауіпсіздігін арттыру және жол төсемінің тозуын төмендету басты назарда болды», – дейді Сәния Блимова.  

Жол жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін жалғасып, барлық жоспарланған жұмыстар толық орындалады деп күтілуде. Бұл аймақтағы жүк және жолаушы тасымалын тұрақты әрі қауіпсіз ету жолындағы маңызды қадам болумен қатар, жүк және жолаушылар пойызының жылдамдығын да арттыратын болады.  

 

Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы