Бұл – болашақ «Бақты» станциясы

Инфрақұрылым
21.11.2025, 09:26
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Президент тапсырмасы аясында қарқын алған «Бақты-Аягөз» теміржол жобасының құрылысы аймақтың күнгей өңірі саналатын Мақаншы ауданынан, дәлірек айтсақ болашақ Бақты станциясынан басталып, Аягөз бағытына қарай ойысуда.

Техникалық талаптарға сай, теміржол төсемі үшін жер қыртысын әзірлеу жұмысын бұл аймақтағы қазіргі ауа райында жүргізе беруге болады. Бүгінгі күндері құрылыс жұмыстарына 120 техника, 272 адам тартылған. Құрылыс барысы кестеге сай, белгіленген меже бойынша жүргізілуде.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бақылауындағы «China Harbour Engineering Company Co. Ltd» мен «Reco Stroy KZ» ЖШС компаниялары жобаны нәтижелі жүзеге асыруды бастады. Қазіргі уақытта жоба аясында вахталық тұрғынжайлар дайындау, техника мен персоналды жұмылдыру ісі қарқынды жүріп жатыр.

Жобаға тоқтала кетсек, бір бағытты теміржол желісінің жалпы ұзындығы 297 шақырымды құрайды. Оның бойында 10 бөлек пункт, мал айдау жолдарымен жабдықталған 211 су өткізгіш құбыр және 78 көпір болады.  

Құрылыс барысын қатаң бақылауда ұстап отырған Семей магистральдық желі бөлімшесі мамандарының сөзіне сүйенсек, теміржол төсемін салу үшін ұзындығы 25 метр болатын жаңа Р65 типті рельстер қолданылады. Телім бойы толығымен жаңа темірбетонды шпалдардан тұрмақ. Ал шпалдардың орналасу жиілігіне тоқталсақ, түзу және қисық учаскелерде 1 км-ге 1 840 шпал төселетін болады. Балласт қиыршық тастан жасалады, шпал астындағы қалыңдығы – 35 см, ал құмды төсеніштің қалыңдығы – 20 см. Сонымен қатар біржолақты учаскенің жер төсемінің ені 7,6 метр болады.  

– Жобаны іске асыру барысында ең соңғы, жетілдірілген технологиялық жабдықтар сатып алынып, теміржол қызметінде сынақтан өткен әрі тиімді технологияны барынша енгізу көзделіп отыр, – дейді бөлімшедегі жол шаруашылығының білгірі, Құрметті теміржолшы Рахат Ботаспаев.  

Жалпы, НЖС-6 бөлімшесі басшылығы құрылыс барысын назарда ұстауда. Басшылық құрам осыған дейін де бірнеше мәрте Бақты өңірінде болып қайтқан. Ауыл тұрғындарымен де жүздескен. Жуырда Мақаншы ауданының әкімі де облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес құрылыс нысанында болып, жұмыс барысымен танысып қайтты. Атқарушы билік өкілдері мердігер ұйым басшыларымен және инженерлік құраммен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын ғана емес, сапасын да тексеріп, нақты тапсырмалар беруде.  

Өндірістік жоспарға сәйкес, желі құрылысын аяқтау және пайдалануға беру уақыты 2027 жылдың желтоқсан айына межеленген. Жоба толық тәмамдалған соң желі бойында ең кемі 1 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деген жоспар бар.  

Айта кетер жайт, «Бақты-Аягөз» теміржол желісі бойынша 2030 жылға дейінгі жүк тасымалдау көлемінің маркетингтік болжамы да анықталған болатын. Жүктеме шамамен 7,8 млн тонна деп бағалануда. Бұл дегеніміз, байырғы Ұлы Жібек жолы бойындағы Бақты кеден бекет Қытайдың Еуропа мен Сібірге ашылған терезесіне айналатын болады. Бұл орайда «Бақты» құрғақ портының құрылысын салу бойынша маңызды инфрақұрылымдық жоба қолға алынған. Қазіргі күні жүкті өңдеу және жинақтау бағытындағы көлік-логистикалық хабтың құрылысы басталған. Болашақ «Бақты» станциясының мүмкіндік аясы өте кең. Небары 20 шақырым жерде Қытайдың Тарбағатай аймағына қарасты іргелі сауда-логистикалық орталығы – Шәуешек қаласы тұр. Осыдан біраз жыл бұрын ҚХР-дың ішкі өлкесінен жол тартатын Қарамай – Шәуешек теміржол желісінің құрылысы аяқталған болатын. Ал Бақтыдан бастау алған құрылыс-монтаждау жұмыстары қыста да жалғаса бермек.  

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады