Қазақстан темір жолында «Бүйір рамасын бақылау» төрт айлық шарасы басталды

Инфрақұрылым
24.12.2018, 10:52

Желтоқсанның 15-інен басталған айлық 15 сәуірге дейін жалғаспақ. Шараның мақсаты – пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүк вагондары тележкаларының құйма бөлшектерінің ақауына жол бермеу.  

Елімізде бүйір рамасының жағдайын бақылау үшін 4 айлық шара ұйымдастыруға себеп болған жағдай, соңғы жылдары Қазақстанда осы вагон бөлігінің ақауына қатысты пойыздар апатының көбеюі болып отыр. Тек бізде ғана емес, Ресейде де, қала берді жүк вагондары бір табанды теміржолда жүйткіп жатқан ТМД елдеріне ортақ проблема болып отыр екен. Мәселен, биыл 31 шілдеде Мойынты-Шығанақ телімінде жүк вагондарының жолдан шығып кету оқиғасына осы ақаулы бүйір рамалары себеп болған.

Сондықтан ұлттық компания әкімшілігі ҚР ИДМ-нің 2015 жылдың 26 наурызындағы «Темір жол көлігінде қауіпсіздік ережелерін бекіту туралы» бұйрық ережесіне сәйкес «Азовэлектросталь» зауытынан 2009 жылы жасалып шыққан бүйір рамаларын пайдаланудан алып тастау туралы ұсыныс жасады. Алайда мұны жүзеге асыруда заң тұрғысында бірқатар кедергілер туындауы мүмкін екен.

Уәкілетті органдардың өкімінсіз ҚТЖ жеке операторлардың аталған бүйір рамаларын қолдануына тыйым сала алмайды. Сондықтан , жеке операторлардың осы зауыт өнімдерін, аталған вагон бөлшегін тәжірибеде қолдануы жалғасып жатыр. Қазақстандық теміржолшылардың айтуынша, бүйір рамасының сынуы жағынан «Азовэлектросталь» және «Кременчугский сталелитейный завод» кәсіпорындары көш бастайды. Қазақстан аумағында сынған рамалардың жалпы саны 2010 жылдан бергі уақытта 85 жағдайды құраған. Олардың бәрі – «Кременчугский сталелитейный завод» пен «Азовэлектросталь» кәсіпорнында жасалып шыққан өнім. Ал биыл алғашқы жартыжылдықта Астана вагон пайдалану депосының жұмысшылары жүргізген жоспарлы жөндеу барысында 36000 раманың 1412-нен бүйір рамасының ақауы табылған.

Жалпы бүйір рамасы ақауының көбейіп кетуі себептерінің негізгі нұсқаларына раманы құю сапасының төмендеуі немесе дұрыс емес құрастырымдық шешімдер жатады. Мәселен, бүйір рамасын құрастыруда 1990 жылдар соңында өзгерістер болып, консоль бөлігінің қимасы қос таврлы түрінен қорапты түріне ауыстырылған болатын.

Сондықтан аталған айлыққа «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның барлық филиалдары, «Жүк тасымалы» АҚ, Магистралдық желі дирекциясы, тағы басқа барлық құрылымдық бөлімдер мен өндірістік телімдер түгел атсалысуы қажеттігі атап өтілген. 

Райхан РАХМЕТОВА 


Жаңалықтар
04.07.2025
ҚТЖ жол жөндеу техникасын жаңартуда
Жүк тасымалы
04.07.2025
Жаңа маусымға – жаңа вагондармен
Аймақтар
04.07.2025
Депутаттар контейнерлік аэрохаб жұмысымен танысты
Аймақтар
04.07.2025
Абай әлеміне саяхат
Цифрландыру
04.07.2025
Цифрлық технология: Зияткерлік білім сайысы
Аймақтар
04.07.2025
Құлсары дистанциясында жол жөндеу қарқын алды
Аймақтар
04.07.2025
Болашақ станциясы арқылы Түрікменстанмен жүк алмасу тұрақты жалғасуда
Жаңалықтар
04.07.2025
Қазақ-моңғол қатынасы сөз болды
Жаңалықтар / Мұрағат
04.07.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №51 04 шілде 2025 жыл
Жаңалықтар
03.07.2025
Мемлекет басшысы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Қауіпсіздік
03.07.2025
Өрт сөндірудің заманауи әдістері талқыланды
Жаңалықтар
03.07.2025
ҚТЖ Басқарма төрағасы тағайындалды
ҚТЖ келбеті
03.07.2025
Астанада тоғысқан тағдырлар
Жолаушылар тасымалы
03.07.2025
Маусым айында ҚТЖ пойыздарымен 1,2 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
Аймақтар
02.07.2025
«Таза Қазақстан»: Семей теміржолшылары санитарлық тазалықты күшейтуде
Жүк тасымалы
02.07.2025
Бірінші жартыжылдықта ҚТЖ желісінде экспорттық тасымалдың өсуі тіркелді
Әлемде
02.07.2025
Трансауған теміржол магистралі іске аса ма?
Жаңалықтар
02.07.2025
Түркістан станциясында жас жігіт суицид жасамақ болды
Жүк тасымалы / Апта саны
01.07.2025
ҚТЖ желісі бойынша астық тасымалы 53%-ға өсті
ҚТЖ келбеті
01.07.2025
100 маман іріктелді