Сапаға - сын көзбен

Инфрақұрылым
11.08.2020, 09:39
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстағы Семей жол дистанциясының жолшылары карантиндік жағдайға қарамастан желі бойында қарқынды жұмыс жүргізуде. Жыл басында құрылған әдістемелік комиссия мүшелері қазір шалғай станциялардағы жолшылар қосындарында болып, околоткалардағы жұмыстардың жүру барысын пысықтауда.

Аталмыш шаралар алдағы күзгі комиссиялық тексеру қарсаңына орай ұйымдастырылып отыр. Желі бойындағы жұмысты қауіпсіз әрі жүйелі жүргізу мақсатында 2015 жылдың наурыз айында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік ережелерін бекіту» туралы №334 бұйрығы жарияланғаны белгілі.

Осы орайда Семей жол дистанциясы басшысы Рахат Ботаспаевтың бастамасымен арнайы комиссия құрылып, желі бойында толыққанды тексеру жүргізілуде.

Бұл шара алдағы күзгі байқауға орай жүзеге асырылып жатқан аса көлемді қадағалау-бақылау және даярлық болып саналады.

– Бірінші кезекте желі бойындағы «Қауіпсіздік күніне» орай арнайы кесте әзірледік. Ол бойынша тексеру жұмыстарына өрттен сақтанудан бастап, өндірістік көрсеткіш, еңбек қауіпсіздігіне дейінгі аралықтағы жұмыстар кіреді, – дейді осы комиссияның төрағасы, ПЧ-39 мекемесінің бас инженері Мырзабек Керейбаев.

Биыл аталмыш дистанция бойынша күрделі және орташа жөндеу жұмыстары өткізілмейді.

Сондықтан да, мұндай тексеру, қадағалау жұмыстарына айрықша басымдық беріліп отыр. Қазіргі күні комиссия құрамында еңбекті қорғау бойынша жетекші инженер Гүлзавира Елемесова мен кәсіподақ ұйымының төрағасы Жексенбай Жолдобалинов тыңғылықты жұмыс жүргізуде. Бұл ретте жолшылар қауымының тілекөтініштері тыңдалып, материалдық қажеттіліктері түгенделуде.

Осы шара аясында дистанцияға қарасты Локоть-Семей, ДегелеңЖаңа-Семей бағытына қызмет көрсететін жалпы көлемі 261,7 шақырымдық желі бойын толық қамтылуда. Жол шаруашылығы басшыларынан құралған комиссия аз уақыт ішінде бірқатар жайттарды анықтады. Мәселен, бір ғана ай ішінде рельстік дефектоскопия құрылғысы арқылы рельстің 10-ға жуық кінәраты анықталыпты. Ал, өткен жылдың есепті мерзімі ішінде 14 ақау тіркелген болатын.

Демек, жолшылар қауымы биыл жол күтіміне айтарлықтай зор мән бергенін байқауға болады. Әрине, бұл жерде осы ПЧ-39 мекемесіне тиесілі 16 дефектоскопиялық тележка операторлары тексеру жұмыстарына елеулі үлес қосып отырғаны белгілі. Дистанция басшылығының айтуынша, өткен 7 ай бойынша осындай тексеру жұмыстары аясында анықталған жайттар толық тіркеліп, оны жою үшін арнайы жоспар құрылуда.

Бірінші кезекте, жекелеген телімдер бойынша жолдың балдық көрсеткішін жақсарту, жөндеу жүргізілуі тиіс қума жолдар көлемін анықтау, жол шеберлерінің атқарылған жұмыстар мен қозғалыс қауіпсіздігі мақсатындағы жасалынған жұмыстар жайлы хабарламасын тыңдау және осы бағыттағы ұлттық компанияның нормативтік актілерінің орындалу барысын қадағалауға алу тұр. Бұл ретте мекеменің бас инженері мен директор орынбасарлары желі бойындағы жолшылар қауымымен ақпараттандыру жұмыстарын өткізуде. Ал, анықталған фактілерге орай арнайы хаттама толтырылып, кейбір мамандарға ескерту жарияланды.

Сондай-ақ, орын алған ескертпелерді жою мерзімі белгіленді. Ендігі аралықта өткізілетін мұндай шаралар тіптен қатаңдатыла түседі. Оған себеп, күзгі байқауды мүмкіндігінше кемшіліктерсіз өткізу болып отыр.

Сонымен қатар, тексеру аясында қазіргі күннен бастап алдағы қысқа даярлық жұмыстары да жанжақты қадағалануда. Осыған орай, қатты отын жеткізу және жылыну үйшіктерінің жөндеуден өткізілуі бірінші кезекте назарға алынып отыр.

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты