Су жаңа автокөліктердің кілтін табыс етті

Инфрақұрылым
29.06.2021, 12:43
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жақында «Қамқор Менеджмент» кәсіпорнының бас директоры Диас Сүлейменов «Теміржол жөндеу» ЖШС өндірістік филиалдарының өкілдеріне су жаңа автокөліктердің кілтін табыс етті. Темір жолдарға күрделі жөндеу жүргізу үшін сатып алынған жол талғамайтын танымал «ГАЗ» маркасының жаңа буын автокөліктері жолаушылар сыйымдылығымен қатар жоғары деңгейлі жайлылықта жүріп тұруымен ерекшеленеді. Бұл көліктер бұрағыш, рельсті кесу, рельсті бұрғылау машиналары, шпалды-балға және тағы басқа да жол шаруашылығына қажетті шағын механизациямен жабдықталған. Осындай артықшылыққа ие көліктер күрделі учаскелерде жолдарға күрделі жөндеу жүргізу жұмысының жағдайын жақсартып, жабдықтарды қолмен тиеп-түсіру жұмыстарын болдырмайды. Автокөліктер Астана, Ақтөбе, Бірлік жол машиналары станциялары мен Шар өндірістік учаскесіне табыс етілді. Атап өтерлігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру және темір жол магистральдарында сапа, сенімділік және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобы тұрақты түрде техникалық жарақтандыруды арттыру, жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ, құрылыс және жөндеу техникаларын жаңартуға қо- мақты қаржы бөліп келеді.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті