Елоданың бас қақпасы 90 жыл атап өтпек

Сұхбат
25.10.2019, 11:18
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Сарыарқаның төсіндегі Ақмола өңірінде осыдан 90 жыл бұрын темір жол қалай пайда болды? Ресей-Қазақстан-Өзбекстан арасын жалғайтын үлкен магистраль жобасында бүгінгі Нұр-Сұлтан станциясының қандай рөлі бар еді? Тарихы терең теміржол торабының бүгіні мен болашағы қандай? Мерейтойын атап өткелі отырған байырғы станция бұл мерекеге қандай жетістіктермен келіп отыр? Осы және өзге де деректер туралы станцияның бүгінгі бастығы Қайрат Оразбаев арнайы сұхбат барысында әңгімелеп берді. 

– Алдымен тарихқа аз-кем тоқталып өтсек, Ресейдің жол қатынастары министрлігінің Түмен-Ақмола-Ташкент магистралі жобасы алғашқыда 1878 жылы қарастырылған екен. Бірақ түрлі себептермен біраз уақытқа кейінге қалдырылып келді. Ең алғашқы пойыз Ақмола станциясына 1929 жылы 8 қарашада келді. Алғашқы пойыз келгенде станция айдалада болды, жалаңаш жазық далада жолаушылар жаңбыр мен қардан паналайтын да ештеңе жоқ еді. Тоқтаған вагондар мен қаланың арасында 3 км жазық дала жатты. Ұзындығы 226 км желі құрылысы 5 ай мерзімде ешбір дайындықсыз жүріп, инженерліктехникалық персонал мен білікті жұмыс күші жеткіліксіз болса да, өте күрделі тұрмыстық жағдайда, өте қолайсыз ауа-райында салынды. Осылай Омбы темір жолының құрамында екі бағытта жұмыс істейтін 10 қабылдау-жөнелту жолы бар Ақмола станциясы 1931 жылы пайдалануға берілді. 1994 жылы Целиноград атауы Ақмола деп өзгертілсе, 2001 жылы Ақмола станциясына Астана атауы берілді. Биыл наурыз айынан бастап ел астанасының атауымен бірге станция да Нұр-Сұлтан деп өзгертілді.

– Осындай тағылымды тарихи жолдан өткен станцияның бүгінгі жұмыс көлемі қандай? Мерейтойға қандай жетістіктермен жетіп отыр?

– Бүгінгі таңда станция өзінің маңызы мен жұмыс сипаты жағынан сұрыптау станциясы болып саналады. Ал жүк, жолаушылар және техникалық операциялар көлемі мен жұмысының күрделілігі жағынан кластан тыс станцияға жатады. Станциядан Қарталы, Петропавловск, Қарағанды, Павлодар бойынша 4 бағытта жүк қабылдапжөнелту операциялары жүзеге асырылады. Барлық бағыттағы жұмыстар электрлендірілген, станцияға жақын бағыттағы негізгі белгі беру және байланыс құралдары екіжақты автоматтандырылған блокировкалау жүйесіне қосылған. Станцияда тақ, жұп, басты, дөңес, сұрыптау жүкқабылдау парктері және жолаушылар техникалық паркі бар. Пойыздарды қабылдап-жөнелту үшін станцияда екі электрлік орталықтандырылған пост бар. Станцияда жүк түсіру, тиеу, сұрыптауға алынған вагондар тазаланып, беріледі. Тасымал құжаттарын рәсімдеуді жылдамдату үшін тауар кассасы телефон байланысы және АРМ ТВК жүйесі, кассалық аппарат, пост-терминалмен жабдықталған. Жүк айналымы көрсеткіштеріне келсек, биыл өткен 9 ай ішінде вагон айналымы жоспарда орташа тәуліктік көлем 7057 вагон болса, нақты іс жүзінде ол 7769 вагон болды. Сонымен қатар жүк түсіру тәулігіне орташа 7,5 вагон болып белгіленсе, іс жүзінде 8 вагонды құрады. Статикалық жүктелім осы аралықта 42,7 тоннаға жетті. Жұмыс паркі 1082 вагонды құрады. Транзиттік вагондардың тұрып қалуы тәулігіне 11,6 сағаттық жоспармен іс жүзінде 11,4 сағатқа жетті. Биыл өткен мерзім ішінде өндірістік жарақат алу фактілері тіркелмеді. Станцияда 600-ден аса адам еңбек етеді.

– Әрине, астаналық станция болғасын оған назар да, жауапкершілік те жоғары екені белгілі. Жалпы станцияның алдағы даму перспективалары, бет алған межесі, компания тарапынан қойылып отырған басты міндеттер туралы не айтасыз?

– Ең негізгі міндет – станцияның үздіксіз және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету. Сосын, әрине, сапалы және сандық көрсеткіштердің дұрыс болуы. Олардың бәрі де станцияның өткізгіштік және қайта өңдеу жұмыстарының тиімділігіне бағытталған. Ол үшін жұмыстың технологиясы толық игеріліп, құрылымдық мекемелер арасында және жоғары басшылықпен өзара тиімді іс-қимыл орнатылған. Бәріміз бірігіп, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өндірістік жарақатқа жол бермей, тасымал үдесінен шығу үшін еңбек етеміз. Осы мақсаттағы жұмыстарды жеңілдету үшін ұлттық компания қолдауымен өндіріске заманауи технологияларды барынша көптеп енгізуге күш салудамыз. Бұл жаңашыл технологиялар цифрландыру, қағазсыз қызмет жүйесіне көшу, қызмет көрсету сервисін жақсарту саласына көп ілгерілеушілік әкелуде. Одан бөлек өзімізде бұрыннан бар қордаланған мәселелер де жеткілікті. Елорданың бас қақпасы болсақ та, отырған ғимаратымыз, еңбек жағдайы, кейбір техникалық құралдарымыз заман талабына сай емес. Бұл станцияның типтік жоба ретінде емес, өткен ғасыр ортасында дәуір қажеттілігіне қарай тұрғызылғаны ешкімге жасырын емес. Сонымен қатар, пойыздарды өңдеуге аз шығын жұмсау, кадрларды дайындау да аса маңызды. Персоналдың 80 пайызын жастар құрайды, соларды оқыту, үйрету жұмыстарына көңіл бөлінеді. Олардың жұмыс орындарындағы еңбек жағдайын жақсарту керек, мұндағы жұмыс орындары түрлі кезеңдерде бірінен соң бірі ашылған. Олардың кейбірі заманауи талаптарға сәйкес келмейді. Сондықтан алдағы уақытта станцияның өзінің типтік жаңа ғимаратын салу күн тәртібіне қойылуы тиіс. Оны жоғары басшылыққа ұсыныс етіп айтып жатырмыз.

– Тоқсан жыл – аз уақыт емес, биыл 29 қарашада аталып өткелі жатқан мерейтойға дайындықтарыңыз қалай?

– Бұл – алдымен осы станцияда ашылған кезден бері жұмыс істеп, әлі де жалғасып келе жатқан еңбек әулеттерінің мерейі үшін атап өткелі отырған шара. Мерейтой қарсаңында жұмыс орындарын жөндеп, тазартып, жетпеген керек жабдықтарды алып, жұмысшылар үшін жағдайды жақсарта түсуге жұмыстанып жатырмыз. Сонымен қатар СЦБ, байланыс, радиобайланыс, КТСМ құрылғыларындағы габариттердің белгілері мен нөмірлерін жаңартып, станцияға тиесілі, күн сайынғы тасымал процесіне қатысы бар 23 нысандағы еңбек жағдайын, соның ішінде 9 нысанда косметикалық жөндеу жүргізу жоспарланды. Вокзал аумағына жататын аймақтағы металл және ағаш орындықтар мен басқа да жабдықтарды ақтап-сырлау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге мереке қарсаңында саланы дамытуға үлес қосып, қозғалыс қауіпсіздігі бұзылуының алдын алған теміржолшыларды «90 жыл» төсбелгісімен марапаттау көзделуде. Жалпы, мерейтойға орай жыл бойына түрлі шаралар ұйымдастырылып, өткізіліп келеді. 90 жылдық тарихы бар мерейтой сонымен бірге осы тораптағы барлық құрылымдық мекемелерге – ШЧ, ПЧ, ВЧД, ТЧ және тағы басқаларына ортақ. Бәріміз бірігіп өткізетін шара болғандықтан дайындық жиындары да бірлесе өтуде. Станция тарихы туралы бейнефильм түсірту, арнайы көрме жасақтау, мерекелік кеш өтетін залдарды безендіру, баннерлер ілу, арнайы буклеттер шығару және тағы басқа жұмыстар жүріп жатыр. Одан бөлек теміржолшылардың балалары арасында сурет байқауын, қолөнер бұйымдарының көрмесін ұйымдастыру көзделуде. Салтанатты шара үлкен концерттік бағдарламаға ұласпақ. Келіп тамашалаймын деушілерге есік ашық.

– Сұхбатыңызға рахмет, еңбектеріңіз жана берсін! 

Жаңалықтар
15.10.2024
Локомотив бригадалары биыл шұғыл тежеуді 2 мыңнан астам рет қолданған
Спорт
15.10.2024
Түрксіб станциясында футболдан тораптық жарыс өтті
Станция тынысы
15.10.2024
Абайлаңыз, пойыз!
Аймақтар
15.10.2024
«Білім экспресі» Маңғыстауда
Инфрақұрылым
15.10.2024
Өткел жөндеуден өтті
Жаңалықтар
15.10.2024
Теміржолшылар арасында «Ана тілім – ардағым» байқауы өтті
Жүк тасымалы
15.10.2024
Жамбыл өңірінде көмірге сұраныс әлі де бар
Жаңалықтар
15.10.2024
Теңіз инфрақұрылымы қалай дамиды?
ҚТЖ келбеті
15.10.2024
Жас үздік мамандар анықталды
Жаңалықтар / Мұрағат
15.10.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №87 15 қазан 2024 жыл
Спорт
14.10.2024
Жас мамандар арасында волейболдан турнир өтті
Аймақтар
14.10.2024
Белсенділер құрметке бөленді
Аймақтар
14.10.2024
Қызылордада кәсіподақ ұйымдарының белсенділері құрметке бөленді
Жүк тасымалы
14.10.2024
ҚТЖ еліміздің ЖЭО-на көмірді артығымен жеткізді
Жүк тасымалы
14.10.2024
Қытай автокөліктері Орталық Азияға Қазақстан арқылы жеткізіле бастады
Әлемде
14.10.2024
Синай түбегінде 50 жылдан кейін жолаушылар пойызы қайта қатынай бастады
Жаңалықтар / Инфографика
14.10.2024
Биыл темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 35 мыңнан астам адам жауапқа тартылды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2024
ҚТЖ Астана-Көкшетау тас жолының жабылуына байланысты 600 жолаушыны пойызбен эвакуациялайды
Жаңалықтар
12.10.2024
Теміржолшылар "Таза Қазақстан" акциясы аясында мың ағаш отырғызды
Жаңалықтар
11.10.2024
Достық - Мойынты теміржол учаскесіндегі екінші жолдың 70%-ға дайын (Фото)