«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «100 жас есімі» – бұл біздің саладағы мамандар үшін тамаша мүмкіндік. Компания осы бағдарламаны іске қосып, жастарға үлкен үміт артатынын көрсетті, – дейді «Қазкөліккәсіп» ҚБ «Астана» филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев.Жылжымалы құрамды басқару департаментінің 1-ші деңгейлі бас менеджері Медет Махатов алғашқылардың бірі болып өтінім беріп, жоба жеңімпазы атанды. «Жас қызметкерлер – компанияның негізгі стратегиялық ресурсы. Сондықтан да жобаның басты мақсаты – компанияны дамытуға және онымен бірге өсуге қабілетті, жауапты кәсіби мамандарды, XXI ғасырдағы теміржолшылардың жаңа буынын қалыптастыру», – дейді ол.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ «100 жас есім» жобасының жеңімпаздарын марапаттады
Оқуға 2 мин
Бұл жобаның мақсаты – компания жас қызметкерлерінің әдептілік, меритократия, кәсібилік және белсенді ниеттестік идеяларын ілгерілету болатын, передает Rail-news.kz.
Жоба компания жас кадрларының әлеуетін дамытуға бағытталған жастар саясаты шеңберінде іске асырылуда. «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы болашақта бизнес-процестерді жақсарту және жолаушылар тасымалындағы сервис сапасын арттыру үшін жас қызметкерлердің бастамасына үлкен үміт артып отыр. Жобаға қатысқан үміткерлер саны 150-ден асады. Өтінімдерді қабылдау процесі басшылардан/әріптестерден, сондай-ақ өзін-өзі ұсынушылардан түскен құжаттар негізінде екі ай бойы шектеусіз жүзеге асырылды. Өзіндік таныстырудың үздік бейнелері іріктелгеннен кейін қатысушылар сұхбаттан және сараптамалық іріктеу турларынан өтті. Соның қорытындысы бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «100 жас есімі» жобасына енген қатысушылар анықталды.