Нұр-Сұлтан станциясына жұмысқа тұрған 43 маман алғашқы қысқа дайындық емтихан тапсырды

Жаңалықтар
15.11.2021, 10:05
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Нұр-Сұлтан станциясына биыл жаңадан жұмысқа тұрған жас теміржолшылар арасында дәстүрлі білім байқауы өткізілді. Бірнеше кезеңнен тұрған жарыста олар аға буын теміржолшылардан құралған қазылар алқасы алдында алғашқы қысқа дайындықтарын паш етті. Байқау шарттары бойынша алдымен алғашқы қыстаушы теміржолшыларға қозғалыс қауіпсіздігіне қатысты ережелерден сұрақтар қойылды. Сол сұрақтарға белсенді жауап бергендер арасынан 15 теміржолшы іріктеліп алынды. Олар үш топқа бөлініп жарысты. Жарыстың талабы бойынша олар салаға қатысты сөзжұмбақ шешу, қарсыласқа еңбек қорғау бойынша сұрақ дайындау, пойыздың натуралық парағын толтыру, қажетті тежегіш табандарын дұрыс есептеуі, берілген материалды дұрыстап бояу сынды шарттарды орындады. Арасында залдағы теміржолшылардың да белсенді болуы үшін оларға жұмысқа қатысты сұрақтар, жұмбақтар қойылып отырды.

– Биыл станциямызға 43 адам жұмысқа алынып отыр. Олардың ішінде пойыз құрастырушылар, белгі берушілер, қозғалыс жылдамдығын реттеушілер, операторлар бар. Осы кеше ғана оқуын бітіріп келген, әлі салада еш тәжірибесі жоқ жастарды оқытып, үйретіп, міне, енді оларға осы саланы тереңірек түсіндіру үшін жыл сайын өтетін байқауды ұйымдастырып отырмыз. Мұның ұрпақтар сабақтастығын жалғастырудағы мәні зор. Біздің кластан тыс жүк және сұрыптау тораптық станциямыз – Қазақстандағы ең үлкен станцияның бірі. Бұл жерден еліміздің барлық бағыттарына пойыздар қатынайды. Оның үстіне астаналық станция – елорда теміржолының бас қақпасы саналады. Сондықтан мұндағы теміржолшылардың білімі мен білігіне сын тағылмауы керек, сол себепті мұндай шара- ларға үлкен мән береміз. Оқудан, ізденуден жалықпаңыздар, сонда өз қызметтеріңізде зор табысқа кенелесіздер, – деді өз сөзінде станция бастығының бірінші орынбасары, байқаудың қазылар алқасының төрағасы Қайрат Оразбаев.

Сонымен қатар қазылар алқасы қатарында станцияның бас инженері Рахымжан Дәрібаев пен техникалық бөлімінің бастығы Алан Досанов та жас теміржолшылардың білімін бағалауға атсалысты.

– Кей командаларға төмен баға қойылды. Бірақ сіздер станция кезекшісі болмай-ақ оның жұмысына қатысты сұрақтарға жауап бергендеріңіз үшін бүгінгі «үштіктеріңізді» «бестікке» пара-пар деп бағалаңыздар. Кезінде біз де сіздер сияқты станцияға алғаш келген жылы осы байқауға қатысу бақытына ие болғанбыз. Байқауға қатысқан барлық белсенді жастарға көп рахмет, – деді бас инженер Р.Дәрібаев.

Сұрақтардың көбі кіреберіс жолдардағы түсіру-тиеу жұмыстары, бағыттама бұрмаларының қандай бөліктерден тұратыны, жасанды құрылыстар және басқа да станциялық жұмыстармен байланысты қойылды. Байқау соңында үш команда жинаған ұпай сандарына қарай бірінші, екінші, үшінші орындарды иеленіп, арнайы марапатталды. «Үздік алғашқы қыстаушы-2021» марапатына ең жоғары ұпай жинаған Адема Жетпісова мен Алмас Ешмұхаметов ие болды. Сондай-ақ байқауға қатысқан барлық алғашқы қыстаушыларға ынталандыру сыйлықтары мен теміржолдағы қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ережелер жинақталған кітап табысталды.

Аймақтар
08.07.2025
Бейнеудегі машинистердің демалыс үйі жаңа кейіпке енді
Әлемде
08.07.2025
Әзірбайжан темір жолдары жазғы кестеге көшеді
Әлемде
08.07.2025
Тәжікстан Қытай–Қырғызстан–Өзбекстан теміржолы жобасына қосылғысы келеді
Әлемде
08.07.2025
Қытайда панда бейнесіндегі монорельс пойызы таныстырылды
Жолаушылар тасымалы
07.07.2025
ҚТЖ Алматы-Саратов бағытына жаңа вагондар шығарды
Жаңалықтар
06.07.2025
КТЖ басшылығы «Нұрлы жол» вокзал кешенінің жұмысымен танысты
Жаңалықтар
04.07.2025
ҚТЖ жол жөндеу техникасын жаңартуда
Жүк тасымалы
04.07.2025
Жаңа маусымға – жаңа вагондармен
Аймақтар
04.07.2025
Депутаттар контейнерлік аэрохаб жұмысымен танысты
Аймақтар
04.07.2025
Абай әлеміне саяхат
Цифрландыру
04.07.2025
Цифрлық технология: Зияткерлік білім сайысы
Аймақтар
04.07.2025
Құлсары дистанциясында жол жөндеу қарқын алды
Аймақтар
04.07.2025
Болашақ станциясы арқылы Түрікменстанмен жүк алмасу тұрақты жалғасуда
Жаңалықтар
04.07.2025
Қазақ-моңғол қатынасы сөз болды
Жаңалықтар / Мұрағат
04.07.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №51 04 шілде 2025 жыл
Жаңалықтар
03.07.2025
Мемлекет басшысы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Қауіпсіздік
03.07.2025
Өрт сөндірудің заманауи әдістері талқыланды
Жаңалықтар
03.07.2025
ҚТЖ Басқарма төрағасы тағайындалды
ҚТЖ келбеті
03.07.2025
Астанада тоғысқан тағдырлар
Жолаушылар тасымалы
03.07.2025
Маусым айында ҚТЖ пойыздарымен 1,2 миллионнан астам жолаушы тасымалданды