Мұхамеджан Тынышбаев туралы фильм түсірілді

Жаңалықтар
18.03.2022, 09:24
Меруерт Өмірзақова

Алаш қайраткері, қазақтан шыққан тұңғыш жоғары білімді теміржолшы-инженер Мұхамеджан Тынышпаев туралы деректі фильм жарыққа шықты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Алматыдағы Жол қатынастары университетінде фильмнің тұсаукесер рәсімі өтті. Алматы әкімдігінің демеушілігімен түсірілген фильмнің режиссері Жаңабек Жетіру, кеңесшісі Тынышпаев қорының президенті, алаш қайраткерінің жиен немересі Нұршакен Жүнісқызы.

Бір сағаттық деректі фильм М.Тынышпаев туған Талдықорған өңірінде түсірілген. Фильмде бала Мұхамеджанның есейіп ер жеткен, одан патшалық Петербургтің теміржол иститутын бітіріп елге келген, Жетісу және Түрксіб теміржолдарының құрылысын жобалаған, қатысқан кезінен халық жауы ретінде қуғынға ұшырап, айдауда жүрген жылдары тарихи дерек, дәйектермен суреттеледі. Тынышпаевтың ұлы Даулет Шейх-Али мен немересі Асқардың естеліктері фильм мазмұнын аша түседі.

КУПС қабырғасында өткен фильмнің тұсаукесеріне білім ордасының ректоры, кезінде Тынышпаевпен бірге қызмет атқарған, Түрксібтің бас инженері Жұмағали Омаровтың ұлы Амангелді Омаров бастаған ұстаздар мен студенттер, алаш қайраткерінің өмірі мен қайраткерлігі тақырыбында кандидаттық және докторлық диссертация қорғаған ғалым Гүлбану Жүгенбаева, Тынышпаев қорының президенті және фильмнің режиссері мен актерлар қатысты.

Деректі фильмді тамашалаған көпшілік бұл алаш тарихын тануға қосылған қомақты үлес деп жоғары бағалады.

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті