Орындалатын міндеттер жүктейді
Жаңалықтар
03.03.2017, 19:10
Апта басында Семей жүк тасымалы бөлімшесіне ат басын тіреген насихатшы топ жергілікті теміржолшылардың басын қосып, жолдау жүктеген міндеттерді түсіндірді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Корпоративтік қамту жөніндегі вице-президенті Эрик Имашев Арнайы жасалған слайдты пайдалана отырып, Жолдауда мемлекет басшысы назар аударған бес басымдыққа талдау жасады. Баяндамашы Қазақстанның үшінші жаңғыруы – еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекеге қабілетін арттыра түсетінін, ал бұған теміржолшылардың қосар үлесіне тоқталды. «Елбасының Жолдауы, темір жол саласына жүктеп отырған міндеттер – қол жетпес қиял емес, орындалатын міндеттер. Мәселен, темір жол машиналарын құрастыру зауыттарының өнімдерін шетке сатуды арттыру. Бүгінде Қазақстанда жасалған локомотивтер Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Украина нарығына шығарылып, 22 млрд теңгеден астам қаржы пайда келтірсе, Компания 2017-2020 жылдар аралығында 502 млрд теңгенің өнімін сыртқы нарыққа шығаруды жоспарлап отыр. 2020 жылға қарай транзиттік контейнерлар тасымалын 7-есеге арттыру көзделуде. Тек үстіміздегі жылы еліміз бойынша 25000 контейнерлік пойыз жасақтау ұйымдастырылмақшы. Жоғарыда аталған шаралар іс-жүзіне асырылса, транзиттік тасымалдан 4 млрд долларға дейін пайда келтіру жосарланған», – деді вице-президент нақты мысалдар келтіре отырып.
–Биылғы басты бағдарламалық құжаттың ең негізгі ерекшелігі – интеллектуалды ұлт қалыптастыру жолында ақпараттық технологияларға негізделген инновациялық дамыған қоғам құруды мақсат етуде жатыр, – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ адам ресурстарын басқару Департаментінің директоры Нұржан Жапарқұл өз сөзінде. – Төртінші басымдық ретінде аталған «Адами капитал сапасын жақсарту» тармағында «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру» деген Мемлекет басшысы үштілді білім беру туралы айтты. Бұл бағытта да темір жол саласында атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Мәселен, кадрларды қайта даярлап, білімдерін жетілдіріп, аралас мамандықтарға үйретуді жолға қою арқылы бизнесті транформациялау кезінде жұмысшылар штатының қысқаруына жол бермедік. Ағылшын тілін қызметкерлерге үйрету бойынша Компанияда пилоттық жоба жүзеге асырылуда, – деген ол сонымен қатар, компания тарапынан сала қызметкерлеріне көрсетіліп отырған ұжымдық шартпен қарастырылғанын әлеуметтік қолдаулар толық орындалып, жалғасын тауып жатқанын да тілге тиек етті.
Сонымен қатар Нұржан Бейсенбайұлы, үстіміздегі жылы теміржолшылардың жалақысы 5-пайызға артқанын және енді Тұлпар – Тальго пойызында зейнеткерлер мен еңбек ардагерлері тегін жүретін болады деген қуанышты хабарды жеткізе келіп, бұл Жолдау Тәуелсіздіктің 25 жылдығын сәтті қорытындылаған Қазақстанның келер ширек ғасырға ұстанған басты барометрі болатынын атап өтті сөз соңында.
Ерлан Ғазез, Семей
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі