Атқыштар командасының күзетшісі

Жаңалықтар
07.03.2017, 14:49
Оқуға 2 мин
Бүгінгідей заманда «мынау ер адамның жұмысы», «анау әйел адамның жұмысы» деп бөле-жаратын еш кәсіп қалмады. Оның үстіне, нарық заманы  табыс табудың қандай да түрін болсын жат санамайды. Мысалы, күзет қызметі – ер адамдардың жұмысы. Бірақ, осы кәсіпті жылдар бойы атқарып, бала-шағасын асырап отырған қыз-келіншектер де бар. Соның бірі «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ Маңғыстау станциясындағы атқыштар командасының күзетшісі Нұрсәуле Сомова.   Бейнеу станциясында туып-өскен Нұрсәуле отбасы жағдайына орай 1995 жылы Бейнеу атқыштар командасына қарауыл бастығының көмекшісі болып жұмысқа тұрады. Екі жылдан соң жұмыс бабымен Маңғыстау командасына  күзетші болып ауысып,  22 жасында осындағы теміржолшы жігітке күйеуге шығады. Бүгінде 43 жастағы кейіпкеріміз үш баланың анасы. Өзі күзет қызметінде, жолдасы өрт сөндіру пойызында еңбек етеді.  Нұрсәуле жұмысына қатты үйреніп кеткенін,  өзіне ұнайтынын айтады. Жақыннан бастап ол қарауыл бастығының көмекшісі қызметінде. Сондықтан тек телефонға жауап беріп, Атыраудағы диспетчерлермен байланысып отырады. Келген жүк пойыздарын кітапқа тіркеп, жазып қояды. Қажетті қағаздарды толтырады. Мекеменің ішкі қауіпсіздігіне жауап береді.  Күзетшілер Бейнеуден жүк вагондарына ілеспе күзетпен келеді. Сейфтегі қаруларды соларға шығарып беріп, келген кезде қабылдап алу жауапкершілігі де Нұрсәуленің мойнында. Маңғыстаудағы теміржол мекемелерінің барлығын осы әскерилендірілген күзет күзетеді. Таңертеңгі жиналыстан соң әр күзетші өзінің күзету аумағына кетеді. Сол жердің тыныштығын қамтамасыз етіп, әр екі сағат сайын орталыққа хабарлама жіберіп отырады.  Нұрсәуле Сомованың ата-анасы да теміржолшы болған жандар. Әкесі станция кезекшісі, ал анасы өзі секілді теміржол күзетінде жұмыс істеп  зейнетке шыққан екен. – Бала күнімде күзетші болуды армандадым дей алмаймын, әрине. Бірақ анамның жұмысын көріп жүріп тез үйреніп кеткенім рас, сондықтан қиын болмады, – дейді Нұрсәуле Сомова. Оның үш ер баласы бар. 17 жастағы тұңғышы   колледжде оқиды. Одан кейінгілері мектепте.  Алдыңғы екеуі күреске қатысады, соңғысы шахмат ойнайды. Анасына қолғабыс етуге қай-қайсысы да даяр.

Әсел   Таңатарова, Маңғыстау  

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты