Темір жолда қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы 10%-ға азайды

Жаңалықтар
14.10.2022, 18:12

Алматыда теміржол көлігіндегі қауіпсіздік және цифрландыру бойынша екінші Еуразиялық Форум өтті. Іс-шараға ҚР ИИДМ, ТМД елдері теміржол әкімшіліктерінің өкілдері, көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің инженерлік-техникалық жүйелерін өндірушілер, конструкторлық бюролар, ғылыми-зерттеу ұйымдары қатысты. Форум тәжірибе алмасу үшін үлкен және тиімді алаңға айналды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Форумға «РЖД» ААҚ бас директоры – Басқарма төрағасы Олег Белозеровтың құттықтауы келіп түсті. Олег Белозеров өзінің жеделхатында бүгінде тасымалдаудың сенімділігін қамтамасыз етудің жаңа, стандартты емес тәсілдерін табу қажет екенін атап өтті. Қашықтықтан диагностикалау және түпкілікті бақылау, компьютерлік модельдеу және пилотсыз басқару әдістері үлкен әлеуетке ие.

Өзінің құттықтау сөзінде «РЖД» ААҚ бас директорының орынбасары – қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бастығы Шевкет Шайдуллин және «Теміржол техникасын өндірушілер бірлестігі» қауымдастығының президенті Валентин Гапанович темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде қазақстандық әріптестерімен үйлесімді жұмысты атап өтті. Сарапшылар әр процестің иесі өзінің тәуекелдерін анықтап, бағалауы керек, содан кейін оларды азайту үшін шаралар қабылдауы керек дегенді айтты. Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірыңғай тәсіл болуға тиіс.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов инфрақұрылымды дамытумен, жылжымалы құрам санын ұлғайтумен және жүк ағынын арттырумен қатар, Ұлттық компания үшін тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету басымдықты міндет болып табылатынын атап өтті. ҚТЖ бұзушылықтардың алдын алу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Ағымдағы жылдың 9 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда теміржолдағы қозғалыс қауіпсіздігін бұзу саны 10%-ке төмендеді. Әрбір үшінші бұзушылық бөгде адамдарды, қараусыз қалған малдарды басумен, теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғаларымен байланысты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі директоры Марат Шәкенов атап өткендей, адами фактордың қозғалыс қауіпсіздігіне әсерін азайту үшін 2022 және 2023 жылдар «Қозғалыс қауіпсіздігі мәдениетін Дамыту жылдары» деп жарияланды. Негізгі назар пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және психологиялық даярлығына аударылады. Бұқаралық кәсіптердің 9 мыңнан астам қызметкері оқудан өтті. Персоналды ынталандыру жүйесі енгізіліп, еңбек жағдайлары жақсаруда. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың алдын алғаны үшін 500-ден астам адамға сыйақы берілді.

Теміржол қызметтері мен желілік кәсіпорындардың кемшіліктерді жою бойынша қабылданып жатқан шараларын бақылау және ақпарат жинау процесін автоматтандыру бойынша жұмыс жалғасуда. Сонымен, «Машинистің ескертпелер кітабы», «Станцияны комиссиялық айлық тексеру», «Тежегіш башмактарды есепке алу және сақтау», «Техникалық құралдардың істен шығуын есепке алу және тексеру» автоматтандырылады. «Цифрлық Қазақстан» және «Цифрлық трансформация» бағдарламалары шеңберінде магистральдық желіде жұмыс істеудің заманауи әдістері енгізілуде.

Форум барысында «Вагондар және вагон шаруашылығы», «Көлік-логистика және коммуникация саласы үшін кадрлар даярлау тұжырымдамасы» тақырыбында пікірталас сессиялары өткізілді. «Теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету», «Көлік жүйесін жаңғырту және теміржол саласын цифрлық трансформациялау» панельдік отырыстары қызығушылық тудырды.

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды