Ұлттық тасымалдаушы "1433" бірыңғай телефон анықтамалық қызметі арқылы жолаушылар пойыздары бойынша тегін кеңес, анықтамалық ақпарат алуға және өз өтініштерін жіберуге болатындығын еске салады, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Ағымдағы жылдың басынан бастап қалалық немесе мобильді нөмірлерден "1433" анықтамалық қызметіне қоңырау шалу тегін.

Сондай-ақ жол жүру құны, орындардың болуы және жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі туралы ақпарат bilet.railways.kz. сайтында  қолжетімді.