Венера Оразбаева: "Теміржолда мықты, төзімді адамдар ғана жұмыс істей алады"

16.02.2023, 10:27

Мен, Оразбаева Венера Аралбайқызы 2008 жылы Алматы қаласындағы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бітірген соң, 2009 жылы «Вагонсервис» АҚ өндірістік-техниқалық бөліміне инженер болып жұмысқа қабылдандым.

Орта мектепті бітірген соң, менің алдымда мамандық таңдау деген болған жоқ, өйткені ата-анам мектеп қабырғасында оқып жүргеннен-ақ сен теміржолшы боласың, теміржолдың болашағы жарқын деп санама құйып келді.   Бір жағынан маған бұл сала таныс деп айтуға болады, өйткені менің анам Оразбаева Майра Тілеужанқызы Қазалы локомотив депосында бас бухгалтер болып 10 шақты жыл қызмет атқарды, кейіннен Ақтөбе облысына жанұямызмен көшіп кеткен соң, ол қызметін одан әрі жалғастырмай бизнеске кетті. Нағашы атам Тілемісов Тілеужан өмір бойы сол Қазалы локомотив депосында машинист болып қызмет атқарып, «Құрметті теміржолшы» болып, сол депода кран айдап зейнеткерлікке шықты.

Бала кезімде сол депоға анаммен, ата-әжеммен жиі еріп барып, бір жағынан үйіміз сол депоға жақын болған соң,  теміржолдың ішкі өмірінен хабарым болды. Анама еліктеп өстім, кілең толған қағаз, шот, электронный калькулятормен жұмыс істегенін көріп менде сондай болсам екен деген балалық арманым болды.  

«Вагонсервис» АҚ жұмысқа келген кезде бірден үйреніп кеттім деп айта алмаймын, басында қиыншылықтар, кедергілер өте көп болды. Кейде жұмыстың қиыншылықтарына шыдамай жалғыз өзім бір бөлмеге кіріп кетіп талай жылаған күндерім есімде. Себебі өндірістік-техникалық бөлімді теміржолда «мозг предприятий» деп атайды. Бұл жұмыста, мен 5 жыл оқыған білімімнің аз екенін түсіндім.  

«Қателіктерден аулақ болу үшін тәжірибе жинау керек, тәжірибе жинау үшін қателіктер жіберу керек» деп Лоуренс Питер айтқандай барлығына ақырындап үйрендім.  

Қазіргі уақытта біздің филиалда 800 ге жуық адам жұмыс істейді. Менің қызметім сол филиалға қарасты объектілерде коммуналдық қызметтердің үздіксіз (электроэнергия, су, газ, жылу) берілуі және толыққанды қамтамасыз ету, өндірісімізге қарасты автотехникаларды жанар-жағар майлармен қамту, олардың тоқтап қалмауын қадағалау.

Осы жоғарыда аталған қызметтердің жыл сайын лимитін дұрыс есептеп, кәсіпорындармен келісімшартқа уақытылы тұру қажырлы еңбек пен жауаркершілікті  талап етеді.  

Кейін дәрежем инженерден жетекші инженерге, кейін бас энергетикке дейін көтерілді. Осы жұмыстың арқасында өзімнің өмірлік серігімді жолықтырып, қазір Алла берген екі баланың ата-анасымыз.  

Өндірістік-техникалық бөлімде мен қызмет істеген 14 жылға жуық уақыт ішінде, әртүрлі жоғары оқу бітіріп келген, тәжірибелері аз жас мамандар келді.  

Солар жұмыста сасқалақтап жұмысты қалай бастарын білмей тұрғанда, өзімнің осы жұмысқа алғашқы келген жастық шағым еске түсіп, сол жас мамандарға қолдау білдіріп, қолдан келгенше көмек қылып, аянған емеспін. Өйткені жастар Жаңа Қазақстанның болашағы.  

Қызметтегі адал еңбегімді ескеріп  «Вагонсервис» АҚ әртүлі жылдарда қызмет атқарған директорлардың қолынан алғыс хаттарын алып, балаша қуанып, жұмысқа деген құлшынысың одан сайын артады екен.  

Мен өз қызметімді сүйемін, адал қызмет етемін! Осы жұмыстың арқасында бала-шағамызды асырап, қатарына кем қылмай өсірудің өзі бір бақыт.  

Теміржолшының жұмысы оңай емес, мұнда мықты, батыл, төзімді адамдар қажет. Алайда, бұл мамандықта қиындықтар көптеп кездеседі. Сондықтан теміржол табанды, ақылды және батыл адамдарды таңдайды. Мен олардың қатарындамын деп айта аламын. Менің мамандығым туралы жазбамды өлең сөзбен аяқтағым келеді:

Зулайды пойыз ырғалып, қараймын кербез далаға.  

Көтеріп көкке шыңдарын, көрінді таулар ақ ала.

Мынау бір жасыл даланың естуші ем атын бұрын жай.

Көрінді, міне, Аралым – ақынның мөлдір жырындай.  

Көрдім де сұлу Сыр маңын, селт етіп бір сәт тыңдадым:

Әбділда ағам жырларын – күбірлеп жатыр сырлы ағын.

Зулайды пойыз белеспен, етегін таудың бөктерлеп.

Жұпардай майда желі ескен, жотасы жасыл – көкпеңбек.

Дүние жаңа, жер жаңа қартаймас мәңгі ұямдай.

Созылып жатыр кең дала жеткізбей жүрген қиялдай…

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды

Басқа да жаңалықтар