Жат діни бағыттағы теміржолшы жауапқа тартылды

Жаңалықтар
18.04.2023, 12:13
Оқуға 1 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе станциясында дәстүрлі емес діни бағыттағы аудиодәрісті сақтаған адам жауапқа тартылды.

Күдікті жағдай әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында анықталған. Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері теміржолшыны жауапқа тартты. Ол Қазақстанда тыйым салынған дәстүрлі емес, діни бағыт идеяларын насихаттайтын аудиодәрістерді сақтаған.  

«Тексеру барысында 29 жастағы ер адамның теміржол мекемелерінің бірінде жүк тиеуші болып жұмыс істейтіні анықталды. Дінтану сараптамасының нәтижесі бойынша жоғарыда аталған аудиоматериалдар Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану, сақтау және тарату үшін ұсынылмайды», – дейді Көліктегі полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Әлімов.  

Айтуынша, ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 453-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Ал сот шешімімен жоғарыда аталған азаматқа 20 АЕК (69 000 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.  

Биылғы жылдың 1 тоқсанында көлік полицейлері діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың 4 фактісін анықтаған, оның үшеуі теміржол көлігі қызметкерлерінің әлеуметтік желілердегі діни мазмұндағы материалдарды сақтағаны үшін, ал біреуі діни әдебиеттерді заңсыз әкелгені үшін жауапқа тартылған.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды