ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойыздары жазғы өрт қаупі жоғары кезеңдегі жұмыстарға дайын

Жаңалықтар
14.06.2023, 14:50

ҚТЖ-да 47 өрт сөндіру пойызы, 4 өрт сөндіру қосыны бар, олардың бәрі жазғы өрт қаупі жоғары кезеңде жұмыс істеуге дайын, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Өрт сөндіру пойыздары жұмысшыларының жалпы саны 600 адамнан асады. Тәулігіне кезекшілікке 150-ден астам адам шығады. ТЖ бола қалған жағдайда өрт сөндіру пойыздары жоғары дайындықтағы режимге көшеді. Әрбір өрт сөндіру пойызы өрт-техникалық құралдарымен жабдықталған, онда 100 тонна су қоры, 5 тонна көбік бар. Пойызда отын мен тамақ қоры жеткілікті, өрт мотопомпалары, электр станциялары, «Жарық мұнарасы» жарық түсіру құрылғысымен жабдықталған. Автономды режимде пойыз перегонда ұзақ уақыт бойына жұмыс істей алады.  

ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойыздарының қызметкерлері ұдайы өрт-тактикалық жаттығуларына қатысып отырады. Мәселен, Қостанай облысындағы Шоққарағай станциясында ауқымды өрт-тактикалық жаттығуы өтті. Іс-шараға Қостанай станциясының өрт сөндіру пойызы, Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері, орман шаруашылығы мен табиғи қорық өкілдері қатысты.  

Жаттығу сценарийі бойынша отты дұрыс пайдаланбау салдарынан орманды өрт шарпыды. Өрт тез күшейіп, аумаққа жайыла бастады. Төтенше жағдай орнына өрт сөндіру пойызы жетті. Бір мезгілде ТЖД қызметкерлері өрт сөндіруге кірісті. Өрт аз уақытта ауыздықталды.  Әйтеке би станциясының өрт сөндіру пойызы Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы шартты дала өртін жоюға қатысты.  

Орманды және далалық жердегі өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өрт шыға қалған жағдайда өрт сөндіру пойыздарының, ТЖ бөлімшелерінің, орман шаруашылығының оны сөндіруге дайындығын пысықтауға мүмкіндік береді.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті