«Саламатты Қазақстан» пойызы Ақтөбе облысында

Жаңалықтар
11.10.2023, 10:10

Ақтөбе облысының тұрғындары жоғары білікті мамандардан медициналық көмек ала алып жатыр. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Мұғалжар ауданына барды, деп хабарлайды Rail-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы – әлеуметтік жоба. Оны іске асыруда «Samruk-Kazyna» АҚ-ның «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демогрфиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «Әлеуметтік жобалар қорымен» бірлесе көп жұмыс атқарылды. «Саламатты Қазақсан» әлеуметтік жобасының негізгі ақпараттық серіктесі – ҚР Президенті Телерадиокешені.

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демогрфиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының қолдауымен биыл алғаш рет әлеуметтік қолдау, зейнетақы тағайындау, әлеуметтік төлем, атаулы әлеуметтік көмек жөнінде кеңес алуға мүмкіндік жасалды. Сонымен бірге шалғай ауыл тұрғындары медиация және заңгерлік кеңес ала алады. Ақтөбенің Мұғалжар ауылына пойыз 10 қазан күні сағат 21:36-да аялдады. Екі күн бойы қызмет көрсетеді, яғни 12 қазан күні сағат 20:40-қа дейін қабылдау жүреді.

Жоба аяқталғанша (2023 жылдың 6 желтоқсанына дейін) пойыз барлығы 18 мың шақырым жол жүреді. Мамандар медициналық, медиациялық, құқықтық кеңес береді. Биыл ауыл халқы терапевт, стоматолог, офтальмолог, хирург, уролог, маммолог, педиатр секілді салаларды қамтитын жоғары білікті мамандардың қабылдауында болып, қажет кезде шағын ота да жасата алады. Тіс емдеу де, жұлу да – тегін. Пойыз ішіндегі аппараттың бәрі заманауи талапқа сай. Онда УЗД, флюорография аппараты, зертхана бар. Сонымен бірге жоғары жылдамдықты интернет қосулы.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті