Пойызда интернетке қосылуға мүмкіндік беретін жаңа қызмет түрі пайда болды

Жаңалықтар
12.10.2023, 10:47

Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін еліміздегі барлық пойызда ақпараттық жүйелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа қызмет түрі енгізілді, деп хабарлайды Rail-news.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Осылайша, вагондардағы Wi-Fi арқылы кең жолақты интернетпен қамтылмайтын аймақта жолаушы жеке электронды құрылғысын, ұялы телефоны немесе планшетін қолдана отырып, көркем, деректі фильмдер және мультипликациялық туындыларды көре алады әрі музыкалық шығармаларды тыңдай алады. Аталған қызмет түрі жолаушылар үшін тегін.

Ол үшін жолаушы өз құрылғысында Wi-Fi қосып, содан кейін тізімнен KTZ желісін таңдауы керек. Әрі қарай браузерді ашып, http://vputi.kz сайтына өту қажет.

Сонымен қатар «Жолаушылар тасымалы» АҚ тарапынан «Трансфермен жол жүру», «Перроннан үйге дейін», «Арнайы автобус», «Тұрақты шаттл», «Бурабай бойынша трансфер» сияқты сервистік (интермодальдық) қызмет түрлері көрсетіледі.

«Трансфермен жол жүру»

«Пойыз+пойыз» - ыңғайлы саяхат және жолаушының уақытын үнемдеу үшін жүйе сапарға шыққан адамның пойыздан пойызға ауысуы үшін қолайлы нұсқалардың бірін таңдайды. Онлайн-сервис bilet.railways.kz сайтында іске қосылған және билет кассаларында қолжетімді. Бүгінгі таңда 7500-ден астам билет осы қызмет түрін пайдалана отырып ресімделген.

«Перроннан үйге дейін»

«Пойыз+Автобус» - жолаушыларды «Нұрлы Жол» вокзалынан үйге тасымалдау қызметі. Қазіргі уақытта қызметті «Алматы-Астана» және «Шымкент-Астана» бағытында қатынайтын пойыз жолаушылары пайдалана алады. Кейін аталған қызмет түрімен қамту аймағы кеңейтілетін болады.

«Арнайы автобус»

«Пойыз+автобус» - пойыздан автобусқа ауысып, Астанадан солтүстік аймақтың елді мекендеріне сапарға шыққан жолаушыларды тасымалдауға арналған сервис.

«Тұрақты шаттл»

«Пойыз+Автобус+ұшақ» - «Нұрлы Жол вокзалы-аэропорт-Қосшы әуежайы» бағыты бойынша жолаушыларды шағын автобустармен күнделікті тасымалдау сервисі. Жоба жолаушылар ағыны жоғары кезеңдерде теміржол мен авиация көлік байланысын қамтамасыз етеді. Қызмет құны 950 теңгені құрайды.

Тұрақты шаттл күнделікті жөнелтіліп тұрады:

  • сағат 08.30-да вокзалдан әуежайға және Қосшы қаласына;
  • сағат 09.10-да әуежайдан Қосшы қаласына;
  • сағат 16.30-да Қосшы қаласынан әуежай мен вокзалға дейін;
  • сағат 17.10-да әуежайдан вокзалға дейін.

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін аталған шаттл вокзал алдындағы алаңда, әуежайдағы автотұрақта және Қосшы қаласындағы «Әйгерім» сауда үйінің маңайында күтеді.

«Бурабай бойынша трансфер»

«Электропоезд + Электроавто» - қызмет Бурабай курорттық аймақтары бойынша №7507/7508 Астана-Көкшетау, №6830/6829 Ерейментау-Көкшетау электр пойыздарымен қатынайтын жолаушыларды тасымалдауды көздейді.

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты