2025 жылы Достық-Мойынты теліміндегі екінші жолдардың құрылысы аяқталады

Жаңалықтар
30.05.2024, 10:17

Достық-Мойынты теміржол телімінің жалпы ұзындығы - 836 км. Бүгінгі таңда екінші жол телімнің жартысынан көбі, яғни 421 км-і салынып бітті.  

Дайын болған темір жолмен тағы да жаңа жолдарды одан әрі салу үшін топыраққа рельс шпал торшасын салатын жол төсеуші техникалар жүріп тұр.  

Екінші жолдың астына 6,6 млн текше метрге жуық жер төсемі төгілді. Жасанды имараттар да салынуда. Қазіргі таңда 67 көпір мен 225 су өткізгіш құбырлар салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба шеңберінде барлығы 92 көпір тұрғызылып, 263 құбыр орнатылады. Автоматика және байланыс құралдарын қайта орнату жұмыстары да атқарылуда. Жоғары вольтты желілер үшін тірек бағаналар орнатылуда.  

-  Бұл ірі жобаны жүзеге асыру қомақты қаражатты қажет етеді. Барлық құрылыс материалдары отандық өндірістен алынып жатқанын атап өту керек. Құрылыс процесіне қажет қиыршық тастармен қамтамасыз етіп отырған карьерлер қарқынды жұмыс істеуде. Карьерлерден жолға балласт ретінде төсеу үшін тәулігіне 4-4,5 мың текше метр қиыршық тас тиеліп, әкелуде, - дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылыс жөніндегі басқарушы директор Марат Искалиев.

Нысан басында механизаторлар, көпір салушылар, байланысшылар, жолшыларды қосқанда барлығы 1 мыңнан астам жұмыс істеуде. Құрылысқа 450-ден аса түрлі арнайы техника тартылған. Телімдегі жұмыстарды 2025 жылы аяқтау жоспарланған. Жоба еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру және үздіксіз экспортты қамтамасыз етуде зор мәнге ие. Екінші жолдар құрылысы іске қосылғаннан кейін Достық-Мойынты телімінің өткізгіштік қабілеті 5 есе өседі.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті