Астана станциясының техникалық паркі аумағында Астана-1 станциясының "ҚТЖ "ҰК" АҚ кәсіпорындарының азаматтық қорғау құрылымдарының және Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің қатысуымен өрт - тактикалық оқу-жаттығулары өтті.
Оқу-жаттығу барысында жолаушылар вагоны электр қалқанындағы шартты өртті жою бойынша практикалық іс-қимылдар пысықталды. Іс-шараға 44 адам және 3 бірлік техника қатысты.
Шартты өрт 50 минут ішінде өшірілді. Оқу-жаттығу жетекшісі жаттығуға қатысқан барлық қатысушылардың үйлесімді іс-әрекеттерін атап өтті.