Астана қаласындағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Кедентранссервис» АҚ еншілес ұйымының терминалында Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жүретін жартылай вагондарда алғашқы транзиттік контейнерлік пойыз қайта тиелді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Жаңа сервис Ресей Федерациясының ең ірі логистикалық компаниясы – «Логопер» компаниясымен бірлесіп іске асырылды.
Енгізілген технология қазақстандық көмірмен келген жартылай вагондарға контейнерлерді кері жүктеуді ұйымдастыруды көздейді. Бұл тәсіл логистикалық процестерді едәуір оңтайландыруға, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамды пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.