Ел мен елді жалғаған...

Жаңалықтар
08.09.2017, 12:58
Қазақстан темір жолымен жолаушылар тасымалы бағытында 147 жұп  пойыз қатынаса, соның ішінде 32 пойызды халықаралық бағыттағы пойыздар құрайды. Жолаушылар тасымалын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқан бүгінгі таңда бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Сервистік қызмет көрсету сапасы жылдан жылға жақсартылып, пойыздар саны артып, ауыстырып отырғызбайтын вагондар, соның ішінде ең өзекті бағыттарға қатынайтын құрамдар көбейіп жатыр.Тұлпар-Тальго жүрдек пойыздарынан құралған пойыздар республиканың барлық аймағын қамтып, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға барлық қызмет қол жетімді болу үшін мақсатты түрде жұмыстар жүргізілуде.  Сонымен қатар, барлық вагондар қауіпсіз әрі жайлы жүрудің жоғары талаптарына сәйкес болуы ескерілуде.  Ал алыс-жақын шет елдерге қатынайтын қазақстандықтар үшін қандай жағдай жасалған дегенге келсек, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Алматы-2 – Ташкент, Алматы-2 – Саратов, Алматы-2 – Астана – Нұрлы жол – Үрімші, Астана – Челябинск, Қарағанды – Мәскеу, Қарағанды-Омбы, Алматы-2 – Новосібір, Алматы-2 – Екатеринбург, Алматы-2 – Нүкіс және Атырау  – Астрахань бағытындағы он шақты халықаралық пойызды жүргізіп отыр. Сонымен бірге Қазақстан аумағы арқылы ТМД елдерінде құрастырылған транзиттік пойыздар қозғалысы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, олар: Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Беларус елдерінің пойыздары. Осылайша Қазақстан бағдары арқылы 22 халықаралық пойыз қатынайды. Олар: Ташкент-Мәскеу, Үрімші-Алматы-2, Бішкек-Мәскеу, Әндіжан-Мәскеу, Бішкек-Екатеринбург, Ташкент-Екатеринбург, Барановичи-Қарағанды, Душанбе-Мәскеу, Ташкент-Ургенч-Волгоград, Куляб-Мәскеу, Ташкент-Ургенч-Саратов, Худжанд-Мәскеу, Челябинск-Ташкент, Ташкент-Новосібір, Ташкент-Уфа, Бішкек-Новосібір, Томск-Лениногорск, Оренбург-Ташкент, Самара-Ташкент, Кунград-Бейнеу, Самарканд-Астана-Нұрлыжол және Душанбе-Астана-Нұрлыжол пойыздары. - Бүгінде ҚР инвестиция және даму жөніндегі министрлікпен бірге және өзге де тиісті қызметтермен бірлесе Астана-Орал және Алматы-Орал бағытында Тұлпар-Тальго пойыздарын Ресей аумағындағы шекарада кідіртпей өткізу мәселесі қарастырылып жатыр, - дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ атқарушы директоры Бейбіт Қойшығұлов.   ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу қарсаңында болған маңызды оқиғаның бірі Қазақстанның «MERITS-PRIFIS» халықаралық теміржол жолаушылар тасымалы жүйесіне кіруі болды. Бұл еліміздің шетелдік теміржол әкімшіліктерімен Халықаралық теміржол одағына қатысушы елдер пойыздарының бағдарлары, билетінің құны мен жүру кестесі туралы ақпараттармен бөлісіп отыруына мүмкіндік береді. Елімізге келген шетелдік туристер Қазақстан аумағы арқылы жүретін пойыздардың бағдарын ертерек біліп, on-line режимде билет ала алады. Қазақстандық туристер үшін баламалы мүмкіндіктер ұсынылады: атап айтқанда, Еуропа елдері мен алыс шетел пойыздарына билетке тапсырысты үйде отырып бере алады. Халықаралық жолаушылар бағдарын дамыту шеңберіндегі тағы бір маңызды жаңалық 2017-2018 жылдарға халықаралық теміржол қатынасындағы жолаушылар пойыздарының жинағын жүргізу болды. 

Мадина ТҰРҒЫНБАЕВА

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты