Еуразиялық көлік дәлізін құру – уақыт талабы

Жаңалықтар
12.09.2017, 10:02
 «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Одессада өткен «Еуропа – Азия көлік дәлізін ықпалдастыру» атты 2-ші халықаралық конференцияға қатысты.  Қыркүйектің 8-де өткен конференцияда қазіргі қолданыстағы құрлықтық, теңіз және әуе тасымалы логистикасын жетілдіру, еуразиялық кеңістіктегі көлік бастамашылықтарын өзара ынтымақтастықпен жүзеге асыру, Еуропа – Азия ықпалдасқан көлік дәлізін дамыту жайы қаралды.  Күн тәртібіндегі мәселелерге Қазақстанның қатысы мен мүддесі туралы Қанат Алпысбаев сөз сөйледі. Еуразия құрлығында тоғыз жолдың торабына орналасқан Қазақстанның көлік-логистикалық мүмкіндіктеріне тоқталған ҚТЖ басшысы еуразиялық құрлықтағы экономикалық дәліздер мен көлік жолдарын жасақтау – аса қажетті уақыт талабынан туындап отырған құбылыс екенін жеткізді. «Қазақстанда ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысында Еуразиялық көлік дәлізінің жаңа архитектуралық нобайы жасақталды», – деп атап өтті Қ. Алпысбаев. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Азия – Еуропа бағдарындағы трансқұрлықтық транзиттік тасымалдауды белсенді дамытуда. Қазіргі таңда Ляньюньган портында Қазақстан-Қытай терминалы жұмыс істейді. Жаңа теміржолдар салынды. Қазақстан-Қытай шекарасында Құрғақ порт пайдалануға берілді. Каспий жағалауында Ақтау, Құрық порттары дамып келеді. «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА табысты қызмет етуде. Компанияның бастамашылығымен ТХКБ Үйлестіру комитеті жасақталды. «Азиядан Еуропаға жүк тасымалдаудың бірқатар варианттары мен қосымша мүмкіндіктері қарастырылып, оның ішінде Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Украинаға шығады. Қазіргі таңда негізінен Қытай – Еуропа – Қытай бағдарындағы  контейнерлік жүк ағынын Қазақстан тарабы  жылжымалы құраммен толық қамтамасыз етіп келеді», – дей келіп  Қ. Алпысбаев Қытай – Қазақстан –Кавказ –Түркия және Шығыс Еуропа бағдарындағы әлеуеті 2020 жылдарға дейін 300 мың ЖФЭ контейнер тасымалдауға жететіндігін мәлімдеді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысының пікірінше, «ТХКБ бағдарын әрі қарай дамыту үшін көлік дәлізіндегі қатысушы елдерге фитингілік платформаларды жасақтап, бизнес үдерістерді синхрондау, ИТ платформаларды бірыңғайландыру, әкімшілік және кедендік кедергілерді азайту, кері қарайғы бағдарларды да жүкпен қамтамасыз ету қажет. «Контейнерлік пойыздарды технологиялық ұйымдастыру шарттарын келісу, жол жүру мерзімін барынша қысқарту, тасымалдау бағасын оңтайландыру, Каспий және Қара теңіз арқылы Қытай – Қазақстан – Әзірбайжан – Грузия – Еуропа бағдарындағы бақылау үдерістерінде  жеңілдікті мүмкіндігін жасау, баламалы негіздегі бәсекелестікті табысты жүргізу қарастырылады», – деп атап өтті    Қ. Алпысбаев. Халықаралық шара барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы «Украина темір жолдары» АҚ басқармасының төрағасы міндетін атқарушы Е. Кравцовпен және Украина Инфрақұрылым министрі В. Омелянмен кездесіп, көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады. Конференция қорытындысы бойынша   Бірлескен мәлімдеме қабылданды. Ол мәлімдемеде конференцияға қатысушы мемлекеттердің экономикалық және сауда қатынастары әлеуетін бірлесіп пайдаланып, Еуразия кеңістігіндегі көліктік бастамашылықтар мен болашағы зор жобаларды жүзеге асыру көзделеді. 

Ескендір Абытхан

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты