Ақтөбе теміржол вокзалының алдында соңғы бір айдан астам уақыт ішінде  құрылыс жұмыстары қызу қарқын алды. Бірінші және екінші жолдар аралығындағы перрон түгелімен ауыстырылады деп жоспарланған.  Бүгінде жолаушылар пойыздары бірінші мен екінші жолдын арғы жолдарға аялдайды. Бұл әрине, воказлға келіп-кеткен жолаушыларға қолайсыздық туғызып отырғаны рас. Бірақ, бұл уақытша қолайсыздық, жөндеу жұмыстыр біткен соң перрон жолаушылар үшін қолайлы жағдай туғызатын болады дейді вокзал басшылығы. Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінен хабарлағандай, жөндеу жұмыстары екі айға созылады. Шілде айында басталған жұмыстар қыркүйектің 20-ларында толығымен аяқталуы тиіс. «Перронды тек ауыстырып қоймайды, жолаушы пойыздарын сумен қамтамасыз ететін су құбырларын да толығымен алмастыру қарастырылған. Жаңа құдықтар салынады. Перронның қапталындағы блоктар жаңартылып, бұрыштар қойылады. Қиыршық тас төселіп, үстіңгі қабатына брусчаткалар төселеді», - дейді магистральды желі бөлімшесіне қарасты бөлім басшыларының бірі Ардақ Досмағамбет. Оның хабарлауынша, перронның жалпы ұзындығы 700 метрге жуықтайды. 8 қыркүйектегі жағдай бойынша, 500 метр құбыр ауыстырылған. 375 метр жерге брусчатка төселді. 17 құдық салынды. 450 метр жерге қаптал орнатылды.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе