Теміржол тарихына саяхат

Жаңалықтар
12.08.2025, 09:09
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астана қаласы Сарыарқа ауданының оқушылары үшін «Қазақстан темір жолы» компаниясының музейіне арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

Бұл күні балалар теміржол саласының қалыптасу тарихымен танысып, сала мамандарының ел дамуына қосқан үлесі жөнінде мол мағлұмат алды. Сонымен қатар сирек кездесетін экспонаттарды, пойыз макеттері мен әр кезеңдегі теміржолшылардың қызметтік киім үлгілерін тамашалады.  

Теміржол саласының маңызды мамандықтары – машинист, кезекші, жолшылар және басқа да мамандарға қатысты экспонаттар мен құжаттар балалардың қызығушылығын тудырды. Бұл мамандықтардың теміржол жұмысындағы ролі мен маңызы туралы әңгімені қызыға тыңдады.

Музейдің меңгерушісі Ақмарал Молдашеваның айтуынша, мұнда елорданың оқу орындарынан келетін жастар көп. Оларды Қазақстанның теміржол тарихы қызықтырып, әрі ҚТЖ-ның ғимаратын аралап көргісі де келеді. Себебі компанияның кіреберістегі фойесінде қазақтың түркі заманынан бергі тарихын көрсететін ежелгі карталары ілінген. Бұл карталар Қазақстан бойынша тек бірнеше жерде ғана бар. Ал аталған музейде 1000-ға жуық экспонаттар мен құнды материалдар, фотодеректер қойылған. Олардың қатары болат жолға қатысты кітаптар, басқа да материалдармен үнемі толығып отырады. Сондықтан теміржол музейін көпке таныстыру үшін осындай экскурсиялар жиі ұйымдастырылып тұрады.  

 

 

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті