Төребай КЕНЖЕБАЙ
Денсаулығың – өз қолыңда
Оқуға 1 мин
Ақтөбе бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы теміржолшылар арасында «Өз денсаулығың – өз қолыңда» тақырыбында акция ұйымдастырып келеді.
«ҚТЖ- Жүк тасымалы» АҚ «ЖТ Ақтөбе бөлімшесі», «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалдарында және Ақтөбе, Қандыағаш теміржол вокзалдарында өткен басқосу мақсаты қатысушыларға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» №217 бұйрығын, сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау Комитетінің өткізілетін шаралар алгоритміне сәйкес, салауатты өмір салтын сүру қағидаларын (дұрыс тамақтану ережесі, шынығу, физикалық жүксалмақ және т.б.) түсіндіру және талқылау болатын.
Акция барысында қатысушыларға жазбалар, жадынамалар таратылды және 5 минуттық жаттығу өткізілді.