Таңдау – кәсібилікті кемелдендіру

Жаңалықтар
12.09.2017, 12:31
Өткен аптада М.Тынышбаев атындағы  ҚазККА Ақмола колледжінде «Теміржол саласына кәсіби мамандарды даярлаудағы әлеуметтік серіктестік» атты дөңгелек үстел өтті. Басқосуға бірқатар теміржол саласының өкілдері, станция мен депо басшылары қатысты. Қозғалыс саласында кәсіби мамандарды даярлау мақсатында ұйымдастырылған шараның шымылдығын М.Тынышбаев атындағы  ҚазККА Ақмола колледжінің директоры Ерлан Әуесбаев ашып, алғысөзді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ  «Теміржол көлігі қызметкерлерінің даму және бағалау орталығы» филиалының директоры Марал Марасиловқа берді. – Біз бұл колледжбен өте тығыз байланыстамыз. Үстіміздегі жылы ҚазККА Ақмола колледжінің бір топ түлектері арасында эксперименттік жобасын жасап, «Жылжымалы құрам» бағыты бойынша дуальды жүйемен оқыттық. Студенттер біздің кәсіпорындарда тәжірибелік оқудан өтіп, жоғары нәтижелер көрсетті. Басым бөлігі ҚТЖ мекемелеріне жұмысқа орналасты. Алдағы уақытта да серіктестікті арттырып, болашақта кәсіби теміржолшы мамандарды даярлауымыз керек, – деп атап өтті Марал Серікұлы. Кездесу барысында кәсіпорын басшылары  «Сенімділік жолдары – қауіпсіздік кепілі», « ДХ-500 цифрлық байланыс жабдықтары» , «Локомотив құрастыру зауытының»  дамуы,  «KZ4, KZ8 жаңа электровоз сериясын пайдалану және қызмет көрсету» атты  тақырыптарға кеңінен тоқталып, баяндама жасады. Сондай-ақ тараптар теміржол саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып, әр кәсіпорынды кәсіби маманмен толықтыруды талқылады. Ол үшін аталмыш оқу орнымен тығыз байланыс орнатып, болашақта студенттердің білім ордасынан алған білімін қозғалыс саласындағы кәсіпорындармен тәжірибе түрінде ұштастыруды тілге тиек етті. –Бүгінде мыңнан аса студент білім алып жатқан колледждің  биылғы бітірушілері арасынан 22 түлек  жаңадан ашылған «Нұрлы жол» теміржол вокзалына жұмысқа тұрды. Біразы Ұлттық компания филиалдарына орналасты. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Сала кәсіпорындармен серіктестікті әрі қарай да арттыра түсуге ұмтыламыз, – деп ой бөлісті колледж директоры.

Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты