Әріптестер бағасы жоғары

Жаңалықтар
12.09.2017, 12:42
   Халықаралық жолаушылар форумына келген шетелдік әріптестер шара бағдарламасына сәйкес Астанадағы бірқатар темір жол нысандарын аралап, олардың жұмысына жоғары баға берді.   Атап айтқанда, алдымен олар «Тұлпар-Тальго» жүрдек жолаушылар вагондарын шығаратын зауыт жұмысымен танысты. Зауыттың дәнекерлеу, жинақтау, бояу, тіркеу цехтары мен қоймаларын аралап,  кең шанақты вагондарды жинақтау жүргізіліп жатқанын көзбен көрді.      «Тұлпар-Тальго» зауыты – мемлекеттік инновациялық-индустриялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған,ТМД елдерінде баламасы жоқ алып жоба.  2011 жылдың желтоқсанында ашылған зауыт халықаралық сапа стандарттарына, өндіріс процесінің нәтижелілігіне сай жобаланып, салынған. Оның құрылысына 80 миллион доллар инвестиция тартылған. Тағы бір ерекшелігі, «Тұлпар-Тальго» вагоны өте жеңіл. Себебі, пойыздың іші-сырты жеңіл металл – алюминиймен қапталған. Сағатына 200 шақырым шапшаңдықпен жүйіткитін вагондар Қазақстанның климаттық ауа райына қолайлы етіп жасалынады. Қыста да, жазда да вагонның іші тұрақты температураны сақтап тұрады. Зауыт мамандары оның осы және өзге де ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, қонақтарға кеңінен ақпарат берді. Зауыттың әрбір цехына бас сұғып, вагон құрастыру жұмыстарына куә болған және өз сауалдарына жауап алған меймандардың кәсіпорын туралы пікірі жоғары болды. Тәжік темір жолдары бастығының орынбасары Усмон Каландаров: –Мұндай зауыт Орталық Азияда жоқ. Зауыттан қазіргі заман талаптарына сай, жолаушылардың жайлылығы үшін бәрі бар вагондар жасап шығарылып жатыр.  Кең шанақты болсын немесе тар шанақты болсын, ең бастысы  вагондарда жолаушының барлық қалауы қанағаттанарлықтай сервис болмақ, керектінің бәрі бар. «Эстония темір жолы» АҚ басқарма төрағасы Эрик Лайдвэе: – Өте таза, жақсы ұйымдастырылған өндіріс. Өнімдері де әрине, қазіргі заман талаптарына сай жоғары сападағы вагондар. Бұл өнімдерді таяу уақытта экспортқа шығару керек деп санаймын. Темір жол өндірісін дамытып жатқан қазақстандық әріптестерімізге тек сәттілік тілейміз!     – Беларусь темір жолы бастығының орынбасары Владимир Балахонов: Мен Қазақстанда жиі боламын. Сондықтан мені ерекше таңқалдырғаны – мұндағы қарышты даму. Алдымен машина жасау саласының дамуы қуантады. Қазақстанның кең жазық даласында қаншама км жаңа жолдар салынуда. Олардың бойымен жүретін жүрдек пойыздар шығарылуда. «Тұлпар-Тальго» зауыты ауқымы жағынан Испаниядағы осындай зауыттан үлкен екен. Қуаттылығы да зор. Алдағы уақытта жылжымалы құрам өндірісі тек осы ел үшін ғана емес шетелдерге де тапсырыспен шығарылатынына күмән жоқ.           Бұдан соң ТМД және Балтық елдерінен келген теміржол әкімшіліктерінің жетекшілері Тұлпар-Тальго вагондарына жайғасып  «Нұрлы жол» жаңа вокзалына қарай жол тартты.

Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ

Суретті түсірген Серік  ЖОЛДАСБЕКОВ

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты