Емтихан алдындағы дайындық

Жаңалықтар
12.09.2017, 13:16
Қызылордада өткен жастар тренинг-семинары  екі күнге созылды. Қорытындысын алдағы күзде өтетін Республикалық жастар форумында белгілі болмақ. Демек, аймақтарда өтіп жатқан тренингтер үлкен емтиханға дайындық деп бағалауға болады.   «Болашақ басқарушылар» және «Менеджмент жобасы» тақырыптары аясында ұйымдастырылған семинар-тренингтің өткізілуіне Ұлттық компания басшылығы ұйытқы болса, арнайы шақырылған тәжірибелі тренерлер аймақ жастарының алдағы уақытта уақытты үнемдеу, ұжыммен жұмыс жасау, ситуациялы мәселелерді шешу жолдарын үйретіп, тәжірибе жиып, көпшілікпен жұмыс жасау әдістерін көрсетіп, жаңа жобалар дайындаудың сан түрлі әдістерінен дәріс беріп, шыңдалу сабақтарын жүргізді. Екі бағытта жүргізілген жастар форумында «Болашақ басқарушылар» жобасы саланың алдағы уақытта тізгінін ұстаушы тұлғалардың қалыптасуына мүмкіндік жасау және де өз ісін жан-жақты меңгерген, кез-келген қиын жағдайлардан ұжымын адастырмай алып шыға алатын басшы тұлғалардың қалыптасуы мен бейімделуге баулу мақсатын көздейді. Ал «Менеджмент жобасында» аймақтың теміржолшы жастардың өндіріске тиімді, саланың алға жылжуына әсер беретін көпшілікке де, компанияға да оңтайлы жобаларды дайындау тәсілдерін үйретті. –Сыр бойындағы теміржолшы жастардың жаңалыққа құштарлығы, өз ойын еркін жеткізіп, екі жобада да түрлі ұсыныстар айтып, тың жобаларды ұсынуы біздерді де, дәріс өткізген тренерлерді де таң қалдыруда. Аймақ жастарының алғырлығы, кәсіби маман болып қалыптасуда беделді тренерлерден өздеріне керекті мағлұматтар сұрап, оларды жиі мазалауы да өңір жастарының өзге аймақтарға қарағанда белсенді екендігін аңғартады. Екі күн ішінде олармен еркін араласқан біздер, бұрыннан таныс кісісілердей, жатырқаспай жақын болып кеттік. Болашақ басқарушылардың тобын жасақтау, жастарды табысты жұмыс жасауға даярлау, жастардың бос уақыттарын қызықты да көңілді өткізуіне ықпал етуді көздеген екі күндік семинар жұмысының қорытындысын алдағы күзде өтетін өтетін Республикалық жастар форумында анықтайтын боламыз әрі олар кадрлар резервіне тіркелетін болады. Оған осы бүгін дайындалған жобалардың ең үздігін әзірлеген жастар тобы жолдама алады. Үздіктерге даярланған тосынсыйдың бәрі сол форумда беріледі, ал бүгін тренингке қатысқанын растайтын  арнайы сертификаттар берілді, – деді қызылордалық жастардың екі күнгі жұмысына куә болған «ҚТЖ» ҰК» АҚ ... адам ресурстары департаментінің менеджері Назира Бердібекова.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты