Ерман Әбдиев, Жамбыл
Тазалық айы басталды
Оқуға 1 мин
Жылдағы дәстүр бойынша Жамбылда бірінші қыркүйек пен қараша аралығында тазалық, абаттандыру және санитарлық айлығы басталды.
Сондай-ақ бұл шара қазан айының алғашқы он күндігінде аталып өтетін қала күні қарсаңында да тұрғындар тарапынан қолдауға ие. Әриен, туған қаланың келбетін жақсарту шарасынан теміржолшылар да тыс қалмай, өздеріне бекітілген аумақтарды, вокзал маңы мен преррондарды, станция жолдарын тазалауды қолға алды. Өткен сенбі күні өткен жалпықалалық сенбілікте темір жол мекемелері тығыз орналасқан Байзақ батыр, Қолбасшы Қойгелді, Желтоқсан көшелерінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл көшелердің бойында жол дистанциясының, байланыс және сигнал беру, электрмен жабдықтау дистанциялары, Жамбыл жол бөлімшесі, Әскерилендірілген темір жол күзетінің өкілдері тазалыққа шықты. ЖТ-Жамбыл жол бөлімшесінің бас инженері Анатолий Кимнің айтуынша теміржолшылар алдағы сенбіліктерде де кезекпен сенбюілікке шығ,ып, тазалық айына толық атсаысысатын болады.