«Нұрлы жол» вокзалында «Құқықтық дәріхана» профилактикалық акциясы өтті

Жаңалықтар
05.02.2026, 11:30
Сурет: Көліктегі полиция

«Нұрлы жол» теміржол вокзалында Көліктегі полиция департаменті мен Бас көлік прокуратурасы қызметкерлері бірлескен «Құқықтық дәріхана» атты ауқымды профилактикалық акция өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл іс-шара азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша халықпен өзара іс-қимылды нығайтуға, «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыруға, сондай-ақ қоғаммен кері байланысты қамтамасыз етуге бағытталған. Акция форматы елорда тұрғындары мен қонақтарына қолжетімді әрі бейресми жағдайда білікті құқықтық көмек алуға мүмкіндік берді.

Акция барысында азаматтар алдын ала жазылусыз-ақ құқық қорғау органдарының басшыларына және салалық мамандарға тікелей жүгініп, әкімшілік және көші-қон заңнамасына, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты сұрақтарға жауап алды.

«Біздің басты міндетіміз — азаматтар үшін барынша ашық әрі қолжетімді болу. Әрбір адам құқықтық көмек алып, өзін мазалаған сұрақтарға жедел түсіндірме алып, құқық қорғау органдары тарапынан нақты қолдауды сезінуі маңызды. Мұндай қарым-қатынас форматы халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайтады», — деді Астана қаласы көлік прокуратурасының аға прокуроры Гауһар Маханбетова.

Күту залында болған азаматтар айтулы іс-шараны ұйымдастушыларға вокзалдарда, жолаушылар пойыздарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон мәселелері және өздерін толғандырған мәселелерге қатысты сұрақтар қойды. Өтініштердің басым бөлігі жеке сипатта болды. Кейбір өтініштер бойынша тиісті қызметтер мен бөлімшелерге нақты тапсырмалар берілді.

Прокуратура мен полиция өкілдері азаматтардан түскен барлық өтініштер мен ұсыныстар назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Алдағы уақытта осындай іс-шараларды еліміздің өзге де көлік инфрақұрылымы нысандарында өткізу жоспарлануда.

Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды