ҚТЖ экологиялық міндеттемелері аясында Алматы облысында 100 мыңнан астам ағаш отырғызады

Жаңалықтар
09.04.2026, 08:24

Алматы облысында экологиялық міндеттемелерге сәйкес 100 мыңнан астам ағашты өтемдік отырғызу жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бастама Алматы станциясының торабын айналып өтетін жаңа теміржол желісі жобасы аясында іске асырылуда. Бұл жұмыс ҚТЖ-ның «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына қатысуының маңызды бөлігі және еліміздің табиғат қорғау заңнамасына сәйкес өңірдің экожүйесін толық қалпына келтіруге бағытталған.

Компания экологиялық міндеттемелер аясында Алматы облысында 100 мыңнан астам ағаш отырғызып, елімізді ауқымды көгалдандыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға елеулі үлес қосады.

Көшет отырғызу жұмыстары биылғы жылдың 15 наурызында басталды. Аралық нәтижелерге тоқталсақ: Іле ауданы Ақши ауылы маңында 16 мың түп ағаш, ал Талғар ауданы Нұра ауылы аумағында тағы 8 мыңнан астам көшет отырғызылды.

Мамандандырылған ұйым агротехникалық нормалар мен экологиялық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, жұмыстарды орындайды.

   «ҚТЖ» ҰК» АҚ үшін мұндай жобаларды іске асыру ірі инфрақұрылымдық жобаларды салу кезіндегі әлеуметтік жауапкершілік және орнықты даму стратегиясының ажырамас бөлігі. Ауқымды жасыл қордың құрылуы шаңды азайтуға, ауа сапасын жақсартуға, топырақты нығайтуға және қолайлы микроклиматтың қалыптасуына ықпал етеді.  

Жоба жоспарлы режимде іске асырылуда. Отырғызудың барлық кезеңдерін аяқтау Алматы облысының экологиялық тұрақтылығын едәуір күшейтуге мүмкіндік береді.

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды