Инфрақұрылымды жаңғырту сөз болды

Жаңалықтар
14.04.2026, 09:05
Сурет: Үкімет сайтынан
Меруерт Өмірзақова

Премьер-министр Олжас Бектенов елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға арналған кеңес өткізді. Жиында инфрақұрылымды жаңғырту, цифрлық шешімдер енгізу және саланың ел экономикасындағы үлесін арттыру бойынша міндеттердің сапасы мен орындалуына назар аударылды.

Кеңесте Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов баяндама жасады. Транзиттік әлеуетті кешенді дамыту аясында теміржол көлігін дамыту мәселелері қаралды. ҚТЖ деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша транзиттік тасымал көлемі 33 млн тоннаға жетіп, 2024 жылғы деңгейден 20% өскен.  

Транзиттік тасымал үлесі жалпы көлемнің 10%-ын құрады. 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында транзит тағы 14% өсіп, 8 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін жетті, бұл ретте контейнерлік тасымал 6% ұлғайды.  

Кеңесте Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамытуға назар аударылды. ТХКБ бойынша жеткізу мерзімдерін қысқарту, «Алтынкөл – Поти/Батуми» бағытында өтпелі тарифтер енгізу, Әзербайжан мен Грузиядағы серіктестермен цифрлық жүйелерді интеграциялау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 3,9 мың шақырым темір жолда ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда, оның ішінде «Мойынты-Қызылжар» және «БақтыАягөз» желілерін салу, сондай-ақ «Алтынкөл-Жетіген», «Шалқар-Бейнеу», «Бейнеу-Маңғыстау» және басқа да бағыттар учаскелерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.  

Олжас Бектенов «Бақты-Аягөз» теміржол желісінің құрылысы бойынша ресурстарды жұмылдыра түсуді, нысандағы техника мен жұмыс күшінің жеткіліксіздігі жобаны жүзеге асыруға кедергі келтіріп отырғанын атап өтті. Тиісті шараларды қабылдау қажеттігі айтылды.  

Сонымен қатар әлеуетті ашу мақсатында мемлекетаралық түйісу пункттерінің өткізу қабілетін жылына 100 млн тоннаға дейін кеңейту қажеттігі сөз болды. Бұл халықаралық тасымалдауға серпін беріп, өткізу пункттері арқылы өту тәртібін жеңілдетеді.  

Үкімет басшысы теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстарын жеделдетіп, биыл барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауды тапсырды.  

 

Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?