«Кедентранссервис» АҚ мамандары ISO халықаралық стандарттары бойынша біліктілігін арттырды

Жаңалықтар
01.05.2026, 11:16
Суретті түсірген автор
Меруерт Өмірзақова

27-30 сәуір аралығында «Кедентранссервис» АҚ-да сапа, экология, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ISO халықаралық стандарттарына сәйкес интеграцияланған менеджмент жүйесін жетілдіруге арналған компанияның жетекші мамандарына арналған оқыту семинары өткізілді.

Оқыту «Samruk Business Academy» қатысуымен ұйымдастырылды және компанияның бизнес-процестердің тиімділігін арттыру және корпоративтік құзыреттілікті нығайту жөніндегі жүйелі жұмысының бір бөлігіне айналды. Лектор ретінде консультант, аудитор және бизнес-талдаушы Руслан Тағанов сөз сөйледі.  

Семинар шеңберінде қатысушылар ISO 9001:2015, ISO 45001:2018 және ISO 14001:2015 стандарттарының талаптарына негізделген менеджмент жүйелерін енгізу мен дамытудың практикалық құралдарын, сондай-ақ тәуекелдерді басқару, сапа және процестерді үздіксіз жетілдіру тәсілдерін қарастырды.  

«Кедентранссервис» АҚ халықаралық стандарттарға бағдарланған басқару мәдениетін дәйекті түрде дамытуда. Енгiзiлген жүйелердiң нәтижелiлiгi жыл сайын Қоғамның орталық аппаратында да, өндiрiстiк алаңдарында да жүргiзiлетiн сыртқы аудитпен расталады.  

2025 жылы Қоғам интеграцияланған менеджмент жүйесінің халықаралық талаптарға сәйкестігін растай отырып, қайта сертификаттау аудитінен сәтті өтті. 

Қызметкерлердің кәсіби сараптамасын дамыту бизнестің орнықтылығының негізгі элементі болып қала береді. Қоғам оқыту мен біліктілікті арттыруды операциялық қызметтің сенімділігі мен ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілікке инвестиция ретінде қарастырады.  

Логистикалық саланы трансформациялау жағдайында «Кедентранссервис» АҚ тиімді, орнықты және сапаға бағдарланған басқару моделін құруды жалғастыруда, онда стандарттар формальдылыққа емес, күнделікті практиканың жұмыс құралына айналуда.  

 

Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?