Сыр елі – теміржолшы кәсібінің ұстаханасы

Жаңалықтар
28.11.2017, 19:27
Қызылорда  теміржолын теміржолшы кәсібінің ұстаханасы деп бекер айтпаса керек. Өзге өңірлерге қарағанда  теміржол көлігімен ертерек таныс болған аймаққа бұл кәсіптің де ертерек сіңгені рас. Сондықтан кеңестер одағы кезінде Сыр бойынан шыққан кадрлар сауатты да жоғары басқарушылық қарым-қабілетімен жоғары бағаланған екен.  Өткен ғасырдың басында Орынбор – Ташкент теміржолының салынуымен Сыр өңірінде «теміржолшы» деген жаңа кәсіп пайда болғанда шеберхана, цех ретінде жұмысын бастаған теміржолшылардың алғашқы жұмыс орындары қазір байланыс, жол, электрмен қамту дистанциялары, локомотив және вагон деполары, т.т. салалық құрылымдарды біріктірген  ірі жол бөлімшесіне айналды. Ұлттық компанияның  филиалы – Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінде еңбек етіп жатқан мыңдаған теміржолшылар бір ғасыр бұрын Орынбор – Ташкент теміржолын салған аталар аманатына адал ұрпақ.  Сенім жүгін шайқалпай уысында ұстаған бүгінгі буын да талай жеңіс биігін бағындыруда. Бөлімшенің  кешегісі мен бүгініне  көз салсақ,  бүкіл батысқа  теміржолшы кадрларды даярлаумен аты қалған Орынбай Жанәділов сынды Қызылорда теміржолының аты аңызға айналған басшысы болды. Социалистік Еңбек Ері Оразбай Әбішев Сыр елі теміржолшылары үшін ерен еңбектің символына айналса, Лепес Жаниязов  басқарған Қызылорда локомотив депосы өндірістік жетістіктерімен әлемге танылып, халықаралық сыйлыққа ие болғаны баршаға аян.  Бүгінде П.Орынбасаров, Б.Абылбеков, Р.Күрбенов, Қ.Рахметов, С.Шермаханов, А.Дүйсенов, Т.Жылкелдиев сынды  ардагерлер сол аға буынның жолын жалғап, бүгінгі жас буынға  жол көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісіп отырған ақсақалдар.  Бір сөзбен айтқанда темірдей тәртіппен жұмыс жасайтын аймақтың теміржолшы қауымы антына адал, кәсібінің нағыз майталмандары десек артық айтқандық емес.   Жүк тасымалына кедергі жоқ   Қазіргі таңда Аманкелді Арысбаев басқаратын Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесіне Қызылорда локомотив пайдалану депосы, Қазалы вагон пайдалану депосы мен аймақтағы елуден аса түрлі санаттағы станциялар кіріп, пойыздардың қауіпсіз қозғалысын сақтап жүк және жолаушылар тасымалын абыроймен атқарып келеді. Теміржол бөлімшесінің еліміздегі филиалдар арасындағы өндірістік жұмыс қорытындысы бойынша алғашқы үштіктен көрінуі, жалпы жұмыс көрсеткіштері жоспарының артығымен орындалуы сөзімізге дәлел бола алады. Ал аталар аманаты саналатын кәсіпті жоғары дәрежеде меңгерген аймақ теміржолшылары үшін бұл мамандық  әулеттің кәсібіне айналғанын байқаймыз. Теміржолшы әулеттерінің үлкенді-кішілі династияларының қатарында   Күрбеновтер, Абылбековтер, Байсағұловтар, Бадрақовтар, Өтегеновтер әулеттерінің аты абыроймен аталады.  Бұл отбасылар арасында қалалық, облыстық масштабта өткізілетін жарыстарда бөлімше атынан сынға түсіп жүлделі орынды иеленіп, аймақ теміржолшыларының мерейін өсіріп жүргені –бүкіл қызылордалық теміржолшылар мақтанышы. Еңбек әулеттерінің  еңбек өтілі бай, басы мың жылдан асып үшінші, төртінші буыны ел экономикасының күретамыры шойын жолда  тер төгуде.    Инфрақұрылым қауіпсіздігіне жауапты   Ибраким Басықараев басшылық жасайтын Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне жол, белгі беру және байланыс, электрмен жабдықтау дистанциялары, өртке қарсы қызмет, қалпына келтіру пойызы ұжымдары, су, теміржол вокзалы шаруашылығы секілді бірнеше теміржолдың сүйекті құрылымдары біріктіріліп, инфрақұрылым қауіпсіздігі мен қызметін қамтамасыз етуде. Қызылорда магистральдық бөлімшесіне қарасты  Қызылорда, Сексеуіл және Қазалы жол дистанциялары, Қызылорда және Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясы, Қызылорда және Қазалы электрмен жабдықтау дистанциялары, Қызылорда, Қазалы және Сексеуіл өртке қарсы қызмет пойызы, Қызылорда және Қазалы қалпына келтіру пойызы ұжымдары, Теміржол вокзалы шаруашылығы, Теміржолсу-Қызылорда секілді құрылымдар  пойыздардың қауіпсіз қозғалысын сақтап, жүк және жолаушылар тасымалын абыроймен орындауға өз үлесін қосып келеді.   Сөзімізге дәлел ретінде биылғы жылдың өткен он айында бөлімше теміржолшылары атқарған өндірістік жұмыс көрсеткішін келтіре кетсек,  биыл бөлімше бойынша жүк айналымының он айлық 10130,0 тн.км.нетто жоспары 10593,3 тн.км.нетто көрсеткішімен айналып меженің орындалуы 104,6 пайызға, өткен жылмен салыстырғанда 105 пайызға артты. Осы уақыт ішінде тәулігіне орташа есеппен 72 вагонға жүк тиеу межесі 78 вагонға жеткізіліп, меже 108,3 пайызға жетті. Жүктің түсірілуінде де ілгерілеушілік байқалуда, 160 вагоннан жүк түсіру межесі 159 вагонмен шектеліп,  жоспар 99,7 пайызға жетсе, өткен жылмен салыстырғанда 102,6 пайызға орындалды. 60,85тн. статикалық вагон жүктемесі 62,69 тоннаға көтеріліп, меже 103,5 пайызға атқарылды, жүк вагондарының айналымы 103,6 пайыз, жергілікті вагондар айналымы 106,7 пайызға жетті, 47,9км/сағаттық учаскелік жылдамдық 48,49 км/сағатқа жетіп меже 100,7пайызға, 51,85 км/сағаттық техникалық жылдамдық 52,10 км/сағатпен 101,3 пайызға артығымен орындалуда. Жалпы алғанда есепті мерзімдегі жұмыс көрсеткіштерінің бәрі артығымен орындалды деп айтуға толық негіз бар. Мұның барлығы аймақтағы теміржол мекемелері басшыларының біліктілігі мен сол ұжымдарда жұмыс жасап жүрген 10 мыңға жуық теміржолшылардың белсенділігі, олардың кәсіби міндетін жүрекпен сезініп жауапкершілік жүгін мойымай көтере білгенінің нәтижесі деп сенімді түрде айта аламыз. Жүк тасымалында контейнерлік пойыздардың құрамын бөлімшенің Сексеуіл – Қоскөл жаңа телімімен жүргізген қызылордалық теміржолшылар  өткен жылы 959 дана биылғы он ай ішінде 1567 контейнерлік өткізіпті. Пойыздардың маршруттық жылдамдығы тәулігіне орташа есеппен 846,0 км/сағат болып белгіленсе іс жүзінде 1072,44 км/сағатқа өсіп жоспар 126,80 орындалған. Қоскөл – Сексеуіл бағытында 471 пойыз, Сексеуіл – Қоскөл бағытымен 285 пойыз, Түркістан – Сексеуіл тақ бағытымен 508, Сексеуіл – Түркістан бағытымен 303 контейнерлік пойызы өткізілген.   Кәсіподақпен күш біріктіріп...      Өзге салаларда жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы дәнекерлік қызметті атқарып жүретін кәсіподақ ұйымдарының жұмысы теміржолшылар арасындағы қызметі өзгеше сипатта. Себебі теміржолдағы темір тәртіп еңбеккердің де, жұмыс берушінің де бөлімшедегі орнын айқын анықтап шарт негізінде бекіткен. Және де барлық келісімдер Ұжымдық шартта тайға таңба басқандай анық әрі түсінікті түзілгендіктен еңбек даулары бөлімше бойынша тіркелген емес деп айтуға болады. Ондай дау-дамай бола қалған күнде кәсіподақ ұйымдары мүшелерінің араласуымен талқыға салынып, екі тарапқа да тиімді шешімге қол жеткізуге қадам жасалады. Ал мұндай жұмыстарды бөлімше бойынша кәсіби дәрежеде дөңгелентіп отырған Өмірбек Жүсіпов басшылық жасайтын «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» Қызылорда филиалы мен салалық мекеменің өз кәсіподақ ұйымдары. Аталған кәсіподақ ұйымына биыл құрылғанына 25 жыл толды. Ұйым осы аралықта теміржолшылар арасында мәдени-көпшілік, спорттық жарыстар ұйымдастыру секілді жұмыстарды абыройлы атқарып келеді. Ұжымдық шарт негізінде көрсетілетін, берілуге тиіс жеңілдіктердің барлығы бөлімше теміржолшыларына жеткізілуде. Және де зейнет жасына келген шойынжыолшыларды құрметті демалысқа шығарып салу, мерейтой жасына келгендерге құрмет көрсету, отбасындағы балалардың жазғы, қысқы демалыстарында сауықтыру-тынығу лагерьлеріне алып барып, қайта әкелу секілді жұмыстар атқаруда.   «Өзен жағалағанның өзегі талмайтынын» білетін жергілікті әлеумет ғасыр құрылысы саналған теміржол салуға білек сыбана кірісіп, жаңа кәсіпті бес саусағындай игеріп,  сайын даланың төсіне жалаң қолмен тың тыныс ендірсе, қазіргі теміржолшылар қауымы аталар салған ізді жалғастырып талап үдесіне орайластырып теміржол саласын заманауи технологиямен жарақтандыруда. Қазіргі таңда шығысындағы Сауран бекетінде Оңтүстік Қазақстан облысымен, батысында Ақтөбе облысымен және солтүстігінде Қарағанды облысымен шектесетін бөлімшеден бүгінде ерсілі-қарсылы 18 жұп жолаушы пойызы, оның бірнешеуі халықаралық бағытта, бірнеше жоғары жылдамдықтағы «Тұлпар-Тальго» пойызы жүйткуде.   

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жаңалықтар / Мұрағат
16.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №46 16 маусым 2026 жыл
Әлемде
15.06.2026
Биыл «Қытай-Орталық Азия» бағытында 15 мыңнан астам пойыз жөнелтілген
Қауіпсіздік
15.06.2026
Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу дерегі азайған
Аймақтар
15.06.2026
Жүк пойызының машинистері апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
15.06.2026
Кабул дәлізінің құрылысы қақтығыстарға қарамастан жүргізіледі
Жаңалықтар
14.06.2026
ҚТЖ еріктілері балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін бірегей теміржол мегамузейіне саяхат ұйымдастырды
Жаңалықтар
14.06.2026
Azerbaijan-Kazakhstan Sea Cable System жобасының жаңа кезеңі
Жаңалықтар
13.06.2026
Астанада Қазақстан темір жолдары тарихының мұражайы ашылды
Жаңалықтар
12.06.2026
Абай облысында қайта жаңартудан кейін Ауыл және Белағаш станцияларының вокзалдары ашылды
Жүк тасымалы
12.06.2026
Астық және ұн экспорты 13%-ға өсті
Әлеумет
12.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың әлеуметтік пакетін жақсартты
Аймақтар
12.06.2026
Жамбыл теміржолында табыс та, тасымал да еселенді
Аймақтар
12.06.2026
Қырағы вагон қараушы апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
12.06.2026
Күрделі жөндеуді межелеп қалды
Аймақтар
12.06.2026
Шымкентте теміржолшы өнертапқыштардың қатары артып келеді
Аймақтар
12.06.2026
Жаңа көшеге майдангер әрі теміржолшы Өтеубай Ордабайұлының есімі берілді
Спорт
12.06.2026
Ақтөбеде бильярдтан үздік теміржолшылар анықталуда
Жаңалықтар
12.06.2026
Талғат Алдыбергенов еңбек ұжымына үндеу жолдады
Жаңалықтар / Мұрағат
12.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №45 12 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
11.06.2026
Астанадағы C5+1 диалогында Транскаспий дәлізін дамыту мәселелері талқыланды