Ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуде
Жаңалықтар
19.01.2018, 18:21
«Транскаспий халықаралық көлік бағдары» халықаралық қауымдастығы» ЗТБ ынтымақтастық шекарасын кеңейтіп, елдер арасындағы қашықтықты қысқартпақ. Бұл туралы осы жылы 17 қаңтарда қауымдастығының штаб-пәтерінде өткен кездесуде айтылды.
Оған Қазақстанның халықаралық теңіз порттары, грузиндік Анаклия халықаралық теңіз порты, KTZE-Khorgos Gateway құрғақ порты және «KTZ Express» АҚ мультимодальды көліктік-логистикалық операторының өкілдері қатысып, олар келіссөздер барысында болашағы зор ынтымақтастық, тәжірибе алмасу, Транскаспийлік бағдар бойынша тасымал мүмкіндіктерін пайдалану мәселелерін талқылады. «Anaklia Development Consortium» бас директоры Леван Акхвледиани Анаклия портының мүмкіндіктері туралы мәліметтермен таныстырды. B2B кездесуінен кейін «Құрық порты» ЖШС-нің «ТХКБ» халықаралық қауымдастығы қатарына өтуі туралы келісім-шартқа қол қойылды. Еске сала кетсек, былтыр 15 қарашада Баку қаласында өткен жалпы жиналыста осы серіктестікті қауымдастық мүшелігіне өткізу туралы шешім қабылданған еді.
Аталған «ТХКБ» қауымдастығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесудер қорытындысында сонымен қатар «Құрық порты» мен «Anaklia Development Consortium» ЖШС-тері арасында, «KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС мен «Anaklia Development Consortium» ( Анаклия порты) арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Қол қою рәсіміне Грузияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Зураб Абашидзе қатысты. Қол қойылған құжаттар Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары жолында орналасқан елдердің компанияларының алдағы уақыттағы өзара тиімді ынтымақтастығын дамытуға, іскерлік қатынастарын нығайтуға арналған.
Райхан РАХМЕТОВА, Астана
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді