Қар тазалалау науқанына жұмылды
Жаңалықтар
19.01.2018, 18:28
ЖАМБЫЛ
Жамбыл өңіріне биылдыққа алғаш рет қалың қар түсті. Төрт күн бойы үздік-үздік жауған қардың қалыңдығы 30 сантиметрге жетті. Тіпті, кейбір аумақтарда қар қалыңдығы 50 см жетті. Теміржолшылар жаппай қар тазалау науқанына кірісті.
Қар тоқтамай жауған алғашқы күндері Жамбыл ЖТ бөлімшесі мен Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің қызметкерлері күндіз-түні кезекшілік ұйымдастырып, жұмысты жоғары деңгейде жүргізіп, жолдар мен стрелка бұрмаларын жиі қардан тазартып, қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтірген жоқ. Жүк және жолаушылар тасымалы бойынша кешігу немесе басқадай келеңсіздіктер орын алған жоқ. Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің бастығы Ғалымбек Батырбековтың айтуынша, төрт күнде қосымша қар тазалау жұмыстарына барлық бөлімшелерден 277 адам жұмылдырылыпты.
Алғашқы күні-ақ қар тазалайтын техникалар сақадай сай тұрды. Жол дистанциясының жұмысшылары да дайындықтың арқасында жұмыс кестесін дұрыс ұйымдастырып, қар тазалау шараларына қызу кірісті. Осы күндері СДПМ қар тазалағыш техникасы Шоқпар – Бел – Шоқпар, Қаратау –Промплощадка, Қаратау – Жаңатас аралығындағы телімдерді тазалап өтті. Шу станциясы мен Жамбыл станциясында да қар тазалау жұмыстары жүргізілді. Бүгін облыс орталығындағы Тараз вокзалы аумағындағы үйілген қарды жергілікті әкімдік өкілдері көлік бөліп, қала сыртына тасымалдап жатыр. Сондай-ақ, локомотив бригадалары темір жол аумағындағы жағдайда тұрақты түрде диспетчерге хабарлап отыр. Жуалы ауданындағы станцияларда жағдай бір қалыпты. Ол аумақта қардың қалыңдығы 50 см-ге жетті. Бірақ біздің теміржолшылар қандай жағдайға да сақадай сай, – дейді бөлім бастығы.
ШЫМКЕНТ
Жексенбіден бастап жауған ақ ұлпа шымкенттің шырайын кіргізіп тастады. Бүгінде тобыққа жеткен қарды техника күшінсіз жолшылар қол күшімен-ақ тазалап жатыр.
Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің диспетчері Нұрсұлу Қожабекованың айтуынша, 15 қаңтар күні Шымкент жол дистанциясынан 40, Арыстан 70 адам қар тазалауға шыққан. Жолшылар күндіз телім басында жұмыс істеп әрі бұрмаларды тазалап жүретіндіктен қалың қар жаумаса, күндіз қар тазалауға арнайы мамандар бөлінбейді. Қаңтардың 15-нен 16-сына қараған түні Шымкент жол дистанциясынан 38 жолшы қар тазалау науқанына қатысқан. Ал Арыста алғаш жауған қар сол күннің ертесі-ақ, еріп кеткен.
Әдетте қар қалың түсіп, суық болатын Түлкібас өңірінде де әзірге қар анау айтқандай қалың түспегендіктен, мұнда да қар тазалайтын техника іске қосылмаған, жолшылар өз күштерімен игеруде. Түлкібас жол дистанциясының диспетчері Аман Әкімовтың айтуынша, қаңтардың 14-нен 15-не қараған түні бригадирлермен қосқанда 41 адам жолды аршыса, 15 қаңтарда таңертеңгі тоғыздан кешкі тоғызға дейін 67 адам бұрмаларды тазалап шыққан. Сол екі күн бойы күндіз және түнде кезекшілікпен 80 жолшы бөлініп жұмыс істеп, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.
Ерман Әбдиев, Жамбыл
Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді