Цифрлық жүйеге көшуде
Жаңалықтар
09.02.2018, 11:33
Ел шығысындағы бір ғана жолды Дегелең – Семей және Шар – Жаңа-Семей телімі желі бойының ең күрделі тармағына жатады. Сол себепті де, бүгінде бұл аумақта жаңашыл шаралар жүзеге асырылуда. Соның ішінде желілік байланыс саласын цифрлық жүйеге ауыстыру бойынша ауқымды іс бар. Ол тарапта Семей белгі беру және байланыс дистанциясы арнайы өндірістік бағдарлама қабылдап, жоспарлы жұмыстарды кезең бойынша іске асыруға кірісті.
Қазіргі таңда Семей ЖТ бөлімшесінің 371,4 шақырымдық жол теліміне қызмет көрсететін ШЧ – 29 мекемесі байланыстың магистральдық әуе желісімен толық қамтамасыз етілген. Бұл бағыттағы жұмыстар кедергісіз жүргізілуі үшін бәзбір жол айрықтарындағы байланыс құрылғыларын жаңарту қолға алынған-ды. Бірінші кезекте «А» бекетіндегі НР релесі заманауи НМШ релелік жабдығына ауыстырылды. Осылайша, өткен жылдың соңында бес релелік шкаф орнатылған болатын. Мұнымен қатар, аталмыш телім бойындағы қылтаға және станция басына жаңғырту жұмыстары толықтай жүргізілді. Бағдаршам бастиектері жаңартылып, жаңадан линзалы прожекторлық бағдаршамдар орнатылды. Айта кетерлігі сол, мұндай жұмыстарды жүргізу тиімділігі жоғары болып шықты. Мәселен, аталмыш жұмыстар үшін байланысшылар 5 күнге толаскез алғанымен небәры екі күннің ішінде жоспарлы шараларды толық тәмамдаған. Бұл – бір ғана мысал. Мұндай шаралар мақсатты түрде өзге аумақтарда да жүзеге аспақ.
–Ендігі аралықта Дегелең – Семей телімі аралығында қауырт жұмыс жүргізілмек. Тартылған кабельдер жаңартылмақ. Сондай-ақ, желі бойындағы тірек бағаналар да назарда тұр. Антенналарды ауыстыруда аталмыш аумақ бойынша радошыларға да жұмыс көп, – дейді ШЧ-29 мекемесінің директоры Бейбіт Түменғали.
Жалпы, жаңарту шаралары 2015 жылдан бастап күрт қарқын алған. Оған мекеменің материалдық-базалық құрылымы мүмкіндік беруде. Қазіргі күні ШЧ-29 бойынша 18 техникалық бірлік бар. Мамандар да жеткілікті. Бұл – ағымдағы жылы да қауырт жұмыс жүргізуге жағдай тудырады екен.
Пойыз қозғалысы қауіпсіздігін сақтауда байланысшылар үшін атқарар шаралар әлі де ауқымды. Бұл ретте мекеме басшылығы алдағы үш жылға арнайы өндірістік жоспар әзірлеген. Мәселен, ағымдағы жылдың алғашқы екі тоқсанында Жаңа-Семей станциясындағы прожекторлық бағдаршамдарды заманауи Н1 және Ч2 нормалы линзалық белгі беру құрылғыларына алмастыру белгіленген. Сондай-ақ, Шар және Суықбұлақ станциялары бойынша КПТШ-715 құрылғысын ТМ17-RWD блогына ауыстыру және «А» бекеті жол айрығындағы пульт-таблоны жаңарту межеде тұр. Бұл шараларға мекеме теміржолшылары толықтай дайын. Сол тәрізді инженерлік-техникалық іс-шаралар жүргізуде де арнайы кесте әзірленген. Әйтсе де, жылдың басты жұмысына қызу әзірлік жүргізіліп, жоспарлы шаралар пысықталуда. Атап айтсақ, «А» бекеті және Дегелең телімі бойында қумажол байланысы цифрлық жүйеге көшірілмек. Ол үшін DX-500 құрылғысына ауыстыру мақсатында ТЗПАБ кабелінің жұмысы қалпына келтірілмек. Бұл бағыттағы мақсатты бір шара – аталмыш цифрлық құрылғыны монтаждап, Семей – Локоть, Семей – Шар бағыттары бойынша іске қосу таяу күндердің үлесінде тұр.
–Ресейлік әріптестермен тиімді келісім жүргізу, өзара әрекеттестік – күллі қазақ теміржолын жаңа қызметтік сатыға көтеріп отыр. Мәскеулік «Информтехника» компаниясы алдағы сәуір айынан бастап, өңірімізде жаңа цифрлық жүйе - DX-500 құрылғысын орнататын болды. Яғни, теміржолдағы байланыс саласы толық модернизациядан өтіп, жаңа дәуірге аяқ басады, – дейді Бейбіт Түменғали. Қазіргі күні қажетті құжаттамалар әзірленіп, іс барысы нақтылануда.
Сондай-ақ, мұндай жаңашыл шаралардың қатары мол. Мәселен, пойыз диспетчері мен жол диспетчерін жол өткелдерімен байланысқа қосу, Локоть – Семей теліміндегі қумажол байланысын жақсарту бағытында да жүзеге аспақ. Бұл тарапта әзірленген өндірістік бағдарлама міндеттемелерінің орындалу барысы тікелей Семей магистральдық желісі басшылығы мен ШЧ-29 директоры назарында тұр. Ал, қазіргі күні желі бойындағы жұмыс сапасын арттыру үшін КТСМ-2 құрылғысының бірліктері қолданылуда. Бұл жабдықтау мен автоматикаландыру бойынша қабылданған ауқымды жоспар аясында іске асып отыр. Ал, межелі істердің бір парасы лабораториялық-сараптамалық тексерулер нәтижесінде оң баға алған. Осы орайда, Семей белгі беру және байланыс дистанциясының теміржолшылары мұндай жауапты шараларды дәл өткен жылғыдай – межелі мерзімнен бұрын әрі сапалы аяқтауға бекініп отыр.
Қуаныш Қожаев, Семей
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты