Тиімділік пен үнем 

Жаңалықтар
13.02.2018, 11:40
Бүгінде Семей ЖТ бөлімшесі бойынша локомотив паркін үнемдеп, экономикалық кірісті еселеуге баса ден қойылуда. Соның аясында сапарға шығатын бригадалар жұмысын жүйелеп, сағат санын толтыру мәселесі де оң нәтижемен орындалған. Семей локомотив пайдалану депосы өткен жылды жоғары көрсеткіштермен қорытындылады. Соның ішінде үнем мәселесіне жекелей тоқталуға болады. Әсіресе, жүк тасымалын оңтайландыруда локомотив бригадаларының санын шектеу есебінен жанармай мәселесіне жұмсалатын шығын айтарлықтай азайған. Бұл бағыттағы шаралар өткен жылдан бастап қарқынды түрде қолға алынған болатын. Соның нәтижесі болар, жыл үлесіндегі жүргізілген ілкімді жұмыстар  күллі бөлімше бойынша локомотивтер паркін 0,21 бірлікке азайтуға мүмкіндік беріп, экономикалық оң әсер 66 млн. 860 мың теңгені құрады.  Дерек пен дәйекке сүйенер болсақ, жыл үлесінде локомотивтер мен локомотив бригадаларын тиімді пайдаланғандықтан локомотив-сағаттар саны 1839 сағатқа немесе 0,21 бірлікке қысқартылып, 66 млн. 860 мың теңгенің қаражаты үнемделді. Жалпы, шығынның алдын алу үшін локомотивтің өнімділігін жоғарылату мәселесі өткен жылдың басында-ақ жоспарланған болатын. Бұл көзделген меже артығымен орындалып, 100,9 пайызға жетті. Яғни, жоспардағы 1540 т.км бруттоның орнына нақты іс жүзінде 1554 т.км орын алды. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырмалы түрде алғанда теңеседі.   Семей ЖТ бөлімшесі мамандарының пікіріне сүйенсек, локомотивтер мен локомотив бригадаларын тиімді пайдаланудың экономикалық тиімділігі өте жоғары. Сол себепті де аталмыш мәселе бойынша бір жыл бұрын есебін шығарып, жоспар құру ләзім. Бұл орайда мамандар ағымдағы жылға да меже айқын екенін айтады. Атап айтсақ, аталмыш бағытта жұмыс жүргізу арқылы биылғы жылы локомотив-сағаттарының 940 сағатқа немесе 0,11 білікке қысқартылуына қол жеткізу көзделіп отыр. Ал, бұл жоспар іске асқан жағдайда 34 млн 287 мың теңгенің қаражаты үнемделіп, жергілікті теміржолшылардың игілігіне асады екен. Семейлік локомотившілер үшін қауырт маусым қазірдің өзінде басталып кетті. Себебі, жаңа жыл мерекесінен соң, яғни, жыл басында сәл толас тапқан жүк тасымалына тапсырыс саны күн өткен сайын еселеп өсіп, жүк пойыздарының қозғалыс үлесі артып келеді.

Қуаныш Қожаев, Семей

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл