«АВИКОН-31» ерекшелігі неде?
Жаңалықтар
13.02.2018, 11:47
Атырау жол дистанциясының дефектоскопия цехы жуырда ғана «АВИКОН-31» деп аталатын заманауи құрылғымен толықты.
Әрқайсысының құны 7,5 млн теңге тұратын жаңа заман құрылғысының 5 данасы сатып алынып, бүгінде Атырау аймағындағы теміржол учаскелеріне бөлініпті.
–«АВИКОН-31» атты рельстердің ақауларын іздейтін заманауи құрылғы биылдан бастап біздің салада қолданысқа енгізілді. Оның бұрынғы қондырғылардан ерекшелігі сол, жаңашылдығында, яғни жаңа қондырғы рельс бойындағы ақауларды рентген секілді компьютерде операторға ап-анық көрсетеді. Операторлардың күнбе-күнгі жұмыс қорытындысын Атыраудағы біздерден өзге, Ақтөбе және Астанадағы талдау бөліміндегі жауапты адамдар да бақылай алады. Демек, жаңа қондырғының пайдалануға берілуімен бірге операторлардың жұмысына бақылау мен жауапкершілік те күшейеді, – дейді 9-шы Атырау жол дистанциясының дефектоскопия цехының шебері Сапаш Шомиров.
Айтарлығы, жаңа қондырғыларды меңгеру үшін дефектоскопия цехының шебері Сапаш Шомировпен бірге 5 оператор Ақтөбе қаласында бір апталық арнайы курста оқып, жаңа дүниенің «тілін» меңгеріп келіпті. Атырауға арнайы бөлінген 5 жаңа құрылғының 1-уі Сағыз – Мақат бөлімшесіне, ал Атырау – Мақат және Ганюшкин – Атырау бөлімшелерінің әрқайсысына 2 құрылғыдан бөлінген. Ақтөбе қаласындағы оқу-меңгеру курсында білім жетілдіріп келген соң, Сапаш Шомировтың бақылауымен Ганюшкино және Атырау бөлімшелерінің операторлары Жасұлан Қорғанбаев пен Жеңіс Аманғалиев жаңа қондырғыны теміржол табанына салып, алғашқы бақылау-тәжірбие жұмыстарын жүргізді.
Жаңа қондырғыны меңгеру еш қиындық туғызбағанын айтқан операторлар, «құрылғының дыбыс беруі мен рельс бойындағы ақауды компьютерде көрсетуі –теміржолда болуы ықтимал апаттардың алдын алуға орасан зор көмегін тигізеді» дейді.
Тұрсын ҚАЛИМОВА
АТЫРАУ
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл