Көмек пен кеңес берді

Жаңалықтар
16.02.2018, 18:24
Оқуға 2 мин
Қызылорда ЖТ және магистральдық желі бөлімшесінде құзырлы орган мамандарымен бірге «Азаматтарды қабылдау күнін» өткізіп, онда теміржолшыларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау, Елбасы жолдауында айқындалған басым бағыттардың орындалуы мен міндеттері жайында пікір өрбіді. Бөлімшелердің қызметкерлер құрамымен жұмыс жасау бөлімі, Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  және «Теміржол» филиалы өкілдері ұйымдастырған қабылдаудың ең өзекті тақырыбы – теміржолшылардың әлеуметтік бағытта жан-жақты қамтамасыз етілуі болды. – Қоғамдық қабылдау күнінде 20 шақты теміржолшының талап-тілегі тыңдалды, олардың  дені әлеуметтік тұрғыдағы мәселелермен  келіпті. Бүгінгі тақырыптық қабылдауда бөлімше бойынша жұмыс жасайтын мүмкіндігі шектеулі және отбасында осындай өзгенің қолдауына мұқтаж жандары бар теміржолшылардың хал-жағдайы тыңдалды. Оларға құзырлы органдардан берілетін әлеуметтік, материалдық және медициналық көмектердің қолжетімді болуы, оны алуы үшін тиісті құжаттарды әзірлеу жолдары және ұжымдық шартта көрсетілген жеңілдіктерді тиімді пайдалана білуі жайында көмек пен кеңес берілді, сауалдарын оңтайлы шешу жолдарын қарастырды, -дейді Қызылорда ЖТ бөлімшесінің  қызметкерлер құрамымен жұмыс жасау бөлімі бастығы Нұрлан Бимұратов. «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева Елбасы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлінгенін айрықша атап, оларды белсенді өмірге бағыттау «Нұр Отан» партиясының басты міндеті екенін айтып өтті. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жоба аясында азаматтарға әлеуметтік, денсаулық саласы бойынша жәрдем алуда мемлекеттік бағдарламалардың тетіктері мен шарттарын білуге, сондай-ақ, толғандыратын сұрақтары бойынша нақты жауаптар алуға мүмкіндіктері барын ескертті.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды