Жолдау туғызған ойлар
Жаңалықтар
20.02.2018, 12:24
Тәуелсіз ел болғаннан бері, Қазақстан әлемдегі түрлі сынықтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолында, жаңа өнеркәсіптік революция дәуіріне аяқ басуда. Заманауи технологиялар бүкіл дүниені өзгеріске ұшыратуда. Жаһандық технологиялық ілгерлеушіліктер өзімен бірге сын-қатерлерді де, сондай-ақ өсімнің жаңа мүмкіндіктерін де алып келуде. Бұл – біздің әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына жедел ену үшін тарихи мүмкіндігіміз деп қарастырған жөн.
Елбасы биылғы Жолдауда Төртінші өнеркәсіптік революция дамуын жүзеге асыратын 10 негізгі міндетті халық алдына қойды. Жолдаудың жетінші бөлімі адами капиталдың жаңа сапасын дамытуға арналған. Осы бағытта білім берудің сапасын дамыту, ғылымға қолдау көрсету, денсаулық сақтау мен қазақстандықтардың әлеуметтік, рухани және мәдени деңгейін арттыру міндеттерін алға қояды. Осы тұрғыда 130 мың адам еңбек ететін «ҚТЖ» ҰК»АҚ еліміздегі ең үлкен жұмыс беруші компания үшін негізгі ресурсы мен байлығы оның персоналы болып отырғаны – талас тудырмайды. Оған теміржолшылар үшін жасалып отырған қамқорлық пен қолдау, қандай қиын-қыстау кезеңде де тоқтаусыз көрсетіліп отырған әлеуметтік пакет т.т. куә.
Осыған байланысты өзімді толғандыратын бірқатар мәселелермен бөліскенді жөн көрдім. Мен қырық жылдан астам Семей темір жолында еңбек еткен ардагермін. 2013 жылы Семей темір жол бөлімшесінде «Түрксиб-Семей» қоғамдық қорын құрдық. Қордың мақсаты - бөлімше теміржолшыларына мәдени-тарихи тұрғыда қызмет көрсету болды. Семей қалалық әділет басқармасымен бекітілген жарғысын басшылыққа ала отырып, осы бес жыл ішінде Семей темір жол бөлімшесінің негізін қалаған Семей станциясы, паровоз депосы, жол мекемелеріне 100 жыл толуына байланысты «Семей бөлімшесіне – 100 жыл» деген тақырыпта бөлімше бойынша екі жылдай дайындық жасап, 2015 жылы кең көлемде атап өттік. Осыған орай тарихи жәдігерлер мен құжаттардың мол қоры жинақталып, «Түрксіб-Семей» мұражайын ұйымдастырдық. Жастардың күшімен «Түрксіб-Семей» көркемөнерпаздар үйірмесін құрып, «Жастар қоғамы», «Әйелдер бақыты», «Спорт кешені» «Кәсіподақ ұйымы», «Ардагерлер» қоғамдық ұйымдары және «Техникалық кітапхана» бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеп, бөлімше бойынша Жаңа жыл, Наурыз, 1 маусым - балалар күні, 9 мамыр - Жеңіс күні, Теміржолшылар күні, Тұңғыш президент күні, Қарттар күні, Тәуелсіздік күні тағы басқа мерекелерді жоғары деңгейде өткізуге атсалыстық.
«Түрксіб-Семей» мұражайы – бүгінде бүкіл Семей теміржолының мақтанышы, келген-кеткен қонақтар музейге арнайы бас сұғып, таңқалыстарын жасырмайды. Мен осы әрбір жәдігерін тірнектеп жинаған, тұнып тұрған тарихқа толы мұражайды сақтап, келер ұрпақтың игілігіне бүлінбей жетуі үшін Астанадағы орталық мұражайдың филиалы ретінде тіркеліп, ҚТЖ балансына өтсе деген тілек айтар едім. Әрине, бұл тек тарихи құндылықтарға жанашырлық ретінде тек менің ұсынысым.
Ендігі кезекте айтарым – қарттардың назы. Қазан айының 1-күні, мемлекет бойынша «Қарттар күні» аталып өтеді, соған орай ұжымдық келісім шарт 2006 жылы қабылданғанда 1000 теңге, екінші рет қабылданғанда 1АЕК, үшінші, төртінші рет қабылданғанда 2АЕК қаражат қарастырылды. Алайда бесінші, алтыншы рет қаралған келісім шарттарда бұл қаражат алынып тасталды. Сондықтан, «Қарттар күні» теміржолшы ардагерлерге тиесілі тиын-тебен қайтарылса деп сұраймыз.
Үшінші ұсынысым, 1993 жылғы 7 шілдедегі № 63 ҚР Көлік министрінің бұйрығы жаңартулар мен толықтырулар енгізуді қажет етеді дер едім. Мәселен, бұйрықтың 2.тармағы 2 тармақшасына сәйкес «Құрметті теміржолшы» төсбелгісіне тек жұмыс істеп жүрген жандар ұсынылады. Мен өндірісте 40 жыл еңбек өтілі мен 20 жыл осы бөлімшеде қоғамдық жұмыстарды атқарған ардагер ретінде айтарым, 1990 жылдан бері 4 рет «Құрметті теміржолшы» төсбелгісіне ұсынылдым, бірақ зейнеткер болғандықтан көлік саласындағы құрметті атақты иелене алмадым. Сондықтан «Құрметті теміржолшы» белгісі тек жұмыс істеп жүрген теміржолшыға ғана емес, зейнетке шыққан соң да берілуі мүмкін болса, алдағы уақытта кезінде ерен еңбегі түрлі себептермен елеусіз болып қалған талай ардагердің мерейін үстем етер еді деп ойлаймын.
Мақсұт Көшжанов, ардагер-теміржолшы, «Түрксіб-Семей» қоғамдық қоры мен «Түрксіб-Семей» мұражайының директоры
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл