Бәрі кестеге сай, ережеге сай...

Жаңалықтар
23.02.2018, 11:39
Оқуға 3 мин
Пойыз қабылдаушылар жүк вагондарын қабылдап-жөнелтуден  бөлек, әр вагондағы жүктің тиелуін тексереді.  Өйткені, әр жүктің тиелуінің өз тәртібі мен ережесі бар. Түркістан станциясына келген жүк вагондарындағы коммерциялық ақауларды тексеретін аға пойыз қабылдаушы Мақсұт Тамабаевтың айтуынша, олар көбіне ашық вагонға тиелген ағаш, жеңіл көлік, жиһаз сынды жүктердің тиелу тәртібін қарап шығады. Байланған жібі ажырап, оралған сымы үзілген үлкен заттар болса, уақытында қалпына келтіреді немесе  вагонды ажыратып, толықтай ретке келтіреді. – Көбіне вагонның пломбасы үзіліп келгендіктен, ол да құжатқа тіркеледі. Жеңіл ақауды құрамнан ағытпастан тұрған жерінде қалпына келтіреміз. Егер жүк вагоны ақауымен келсе, алдын ала телеграмма жіберіледі. Мәселен, көбіне Ресейден, еліміздің солтүстігінен ағаштар тасымалданады. Ағашты ораған сымның үзіліп, орнынан қозғалғанын көрсек, ретке келтіреміз. Сосын   құжатына дейін жылжығанын растап жөнелтеміз.  Жабық вагонда пломбаның бүлінуі, төбесінде люктің ашылып кетуі немесе едені тесіліп қалуы, болмаса есігі жылжып кетуі мүмкін. Осының бәрі ақауға жатады. Ұсақ-түйек  ақау болса, құрамды ажыратпай қалпына келтіреміз. Ал күрделі  ақау кезінде маневр диспетчері мен станция кезекшісіне хабарлаған соң, олар ол вагонды бос жолға қояды. Сосын ақаудың не себепті орын алғанын анықтау үшін станция бастығы мен орынбасары, бригадир т.б. жауапты адамдар тексереді. Бір құрамдағы вагонның оншақтысы Түркістаннан ағытылады. Салмағы азайып, ұзындығы кеміген құрамды бізден тиелген   ұн, темір бетон, қиыршық тас, трансформатор сынды жүктермен толықтырып жөнелтеміз, - дейді бұл салада он бес жыл тәжірибе жинаған Мақсұт. Келген жүк пойыздарын уақытылы тексеріп шығып, кестеден кешіктірмей жөнелту үшін де шапшаңдық керек. Сыртта жігіттер пойыздың ақауын қараса, іштегі әйел қызметкерлер  құжаттарын тексереді.  Аға пойыз қабылдаушыдан білгеніміздей, алғаш жұмысқа кірген жас маман жүк вагондарының түр-түсін жаттап, астық, көмір, мұнай т.т. тиелетін жылжымалы құрамдарды ажырата білу үшін де уақыт керек екен.  Қайсысы жартылай немесе жабық вагон, цистерна,  астық тасығыш, вагонның коды қандай, қай елдікі екеніне дейін оқытылады екен.   –Тәулігіне 12-13 пойыз келсе, бір пойызды екі пойыз қабылдаушы, 4 күзетші қарайды. Пойыз азайғанда үшеуден шығады. Қауіпті жіберіп қойсақ, вагонды қандай жағдайда көргеніміз бойынша түсініктеме жазамыз. Егер жібермеуге тиіс ақау болса, станция бастығынан сөгіс аламыз. Тіпті үлкен ақауды байқамасақ, бөлімшеге шақыртып  үлкен талқы болады,  кімнің кінәлі екені анықталады, нәтижесінде кінәлі маман сөгіс алуы мүмкін, - дейді Мақсұт Тамабаев. Жүк вагондарын қабылдап-жөнелтудің барлық ереже-нұсқауын   он-он бес жыл тәжірибесі бар мамандар жаттап алғандықтан, бәрін робат тәрізді автоматты түрде орындайды екен.  Оған қоса оның бәрі  кеңсенің қабырғасына ілінген, арнайы нұсқаулық кітапша бар. Бірақ аға пойыз қабылдаушының пікірінше қанша жерден тәжірибелі маман болса да жұмысты автоматты түрде үйреншікті дағдымен атқаруға болмайды. Адам – техника, автомат емес қой, сондықтан ол жұмысын оймен, санамен атқаруы керек деп санайды.

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды