Өткелден өткен де бар, өтпеген де...
Жаңалықтар
23.02.2018, 12:22
Бейнебақылау орнатудың шығынын айыппұлдан өндіре алады деген еді осы сала маманы. Адамдар тек пойыз жолды кесіп өтуден емес, өтпелерде автокөлікпен пойызға өздері келіп соқтығысып ажал құшқан немесе мүгедек атанған оқиғалар сәт сайын қайталануда.
Пойыздың алдын кескен жүргізуші ғана кінәлі емес, заманға сай өтпені жабдықтамаған теміржолмен қатар қала, аудан басшылары да қауіпсіздікке немқұрайлы қарауда. Қарапайым теміржолшының міндеті – қауіп-қатер жайлы айтып түсіндіріп, сақтандыру. Ал халықтың бір аты – тобыр. Естісі мен есері қатар жүретіндіктен, бірі ережені сақтаса, екіншісі сақтамайды.
Жыл басталмай жатып Семей, Павлодар сынды аймақтарда өтпедегі апаттың салдарынан екі адам қайтыс болды. 7 қаңтарда Ақсу – Құркөл аралығындағы күзетілетін өтпеде автокөлікпен жүк көлігі соқтығысқан. 29 қаңтарда Семей жол бөлімшесіндегі бір күзетпелі өтпеде жүк көлігімен маневр локомотиві соғысып, салдарынан пойыз құрастырушы қайтыс болған. Ал 14 ақпанда Павлодар жол бөлімшесінде күзетпесіз өтпеде жүк пойызымен жеңіл автокөлік соқтығысып, автокөлік жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Айналдырған екі айға жетпейтін уақытқа аз емес...
Тағы да осындай қанды оқиғаның қайталанбауы үшін алынған шаралар қатарында ұлттық компания бойынша «Абайлаңыз, өтпе!» айлығы жүріп жатыр. Шымкентте ақпанның 15-інде басталған айлық шеңберінде Шымкент жол дистанциясының жетекші инженері Ақтолқын Жоланова өтпеде жүргізушілерге қауіптің алдын алуды ескерту үшін қалалық МАИ қызметкерлеріне ерте шығады. Әйтпесе сөзіңді тыңдау былай тұрсын, «не айтып тұрсың?» дегендей кекесінмен мазақ етіп кететіндер көп екен. Дистанция аумағындағы 7 күзетілетін, 11 күзетпесіз өтпе бар. Жетекші инженері осы жеті нысанға айлық ішінде жеті рет барып, жеті рейд ұйымдастырған. Өтпеден өтудің ережесі жазылған парақшалар әрі-бері өткен көлік жүргізушілеріне таратылып, ал күзетілмейтін өтпелердегі ескірген қауіпсіздік белгілерін жаңарту қолға алыныпты.
Қалаға іргелес жатқан Сайрам ауданымен екі ортадағы көлік нөпірінде есеп жоқ. Жол ережесін бұзу оқиғасы Сайрамға баратын Қызылсай – Шымкент телімінің 3301-шақырымындағы өтпеде жиі орын алады. Бұл аумақтан тәулігіне шамамен 3500 көлік өтеді. Ал қаланың «Азат» мөлтек ауданынан қатынайтын жеңіл және қоғамдық көліктер он мыңнан асып кетеді. Өткен жылы Шымкент өңірінде жекеменшік темір жол тарапындағы өтпеде жүк көлігі пойыздың алдынан шығып апатқа ұшырап еді. Одан кейін Ленгер бағытындағы күзетпесіз өтпеде ережеге бағынбаған жүргізуші локомотивпен соғысты. Жүргізуші ауруханаға түсіп, көлігі жарамсыз болған.
Әрине, өтпелерде сақтандыру шаралары айлық кезінде де, айлықтан тыс та ұдайы жүргізіліп келеді. Ал күнделікті кезекшілікте тұратын өтпе кезекшісі тәулігіне 12 мыңнан асатын көліктің қайсыбірін қадағалап үлгерсін. Кейде жартылай ашық шлагбаумнан көз ілеспес жылдамдықпен өте шығатын көліктің нөмірін шырамытқан күйі қалады. Бүгінде Ресей темір жолдарында енгізілген талай жаңа технологиялар Қазақстанда да сынақтан өтіп, қолданысқа енгізіліп жүр ғой. Өтпеге келгенде де олардың тәжірибесі қолдануға сұранып тұр деседі. Яғни, пойыз келе жатқанда жер астынан екі-үш қарыс темір көтеріле қалады да көлік түгілі жай адамның өзі өте алмайтын кедергі пайда болады. Екінші жолы – бейнебақылау қою. Бұлтармас айғақты көріп, айыппұл төлегендер екінші рет сақтыққа көшетіні белгілі. Әйтпесе қауіпсіздікті құр сөзбен қамтамасыз ету бекершілік дейді мамандар.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл