Жасөспірімдер құқын қорғауда
Жаңалықтар
23.02.2018, 12:29
Кәмелетке толмағандардың құқын қорғау, олармен байланысты темір жолда, перрондарда, темір жол көлігінде кездесетін түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Маңғыстауда «Қадағалаусыз жасөспірім» жедел алдын алу шарасы мен «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясы жүруде.
Ақпанның 19-ында басталған науқан 24-іне дейін жалғасады.
– Бірінші күні жасөспірімдерге қатысты деректер тіркелмеді. Екінші күні Маңғыстау станциясынан №377 "Алматы-Маңғыстау" пойызымен түнгі мезгілде ата-анасы немесе заңды өкілінсіз Бейнеуге аттанғалы тұрған 2 жасөспірім кездесті. Жеткіншектер теміржол вокзалындағы полиция бөлмесіне жеткізіліп, ата-аналарына ҚР ӘҚБтК 442-бабының 2-бөлімі бойынша ескерту берілді. Балалар бұл әрекеттерін "Жарысқа бара жатырмыз" деп түсіндірді. Айтуларынша, Бейнеуден Ақтау қаласына қатынап оқиды екен, қалай болған күнде де заң бойынша кәмелетке толмаған жас баланы жалғыз жіберуге болмайды, – дейді Ақтау станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінің учаскелік инспекторы Жәнібек Абилакимов.
Аталған жұмыстарға ішкі істер бөлімінен 17 қызметкер бөлінген. Осыған дейін олар түрлі мекеме өкілдерімен, атап айтсақ, "Нұр Отан" партиясының Мұнайлы аудандық филиалынан Данияр Ішберген, Мұнайлы аудандық прокуратурасынан Марат Оқапов, білім бөлімінен Шархат Жоланова, Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінен Жарас Жоланов, магистральдық желі бөлімшесінен Марлен Көктеубаевпен бірге бірнеше мектепті аралап, түсінік жүргізген.
Шахизат Сарина,
Маңғыстау
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл