Отты жылдар естелігі
Жаңалықтар
23.02.2018, 12:45
Бурабай курорты станциясында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай спорттық турнир ұйымдастырылды.
Локомотив пайдалану депосының спорт залында шағын футболдан шымылдығын түрген турнирде Ақмола ЖТ бөлімшесі мен Бурабай курорты станциясы кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен турнирге теміржолшылардан құралған 8 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Кілең «сен тұр – мен атайын» деп іріктеліп шыққан команда ойыншылары бір-біріне дес бермей тартысты ойын үлгісін көрсетті. Бірақ мықтының да мықтысы бар демекші, Бурабай рельс дәнекерлеу кәсіпорнының жігіттеріне жететін команда жоқ екені бір-екі айналымда-ақ белгілі болды. Жеңіс туын желбіреткен команда арнайы кубокты ұтып алды. Ал жүлделі 2-орынды жергілікті желілік полиция жігіттері иеленсе, локомотив пайдалану депосының командасы үшінші орынды місе тұтты.
Үздік ойыншылар мен жүлдегер командалар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жас теміржолшылар ауған соғысына қатысқан 12 ардагер-теміржолшыға құрмет көрсетіп, естелік әңгімелерін тыңдады. Ауған даласында мерт болған интернационалист жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
– Ауған соғысына қатысқан қазақстандықтар ішінде мен де бармын. Сонша жыл өтсе де ауған даласы естен кетпей, ауық-ауық жан жарасы мазалайтынын несіне жасырайық. Бүгін жас буынның құрметі мен қошеметін, өткенді білсек деген ниетін көріп, қатты қуанып та толқып отырмын, - деп алғысын білдірді Бурабай курорты станциясы техникалық бөлімінің инженері, ауған соғысының ардагері Кәриғұл Көмеков.
Ал ауған соғысының тағы бір ардагері Нұрбек Әбілқасымов гитарамен «Ауғанстан» атты әнді шырқап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл