Станция жолдары жаңартылуда
Ел шығысында орын тепкен Аягөз жол дистанциясы өткен жылды жемісті аяқтап, ағымдағы жылды бірқатар жоспарлы шаралармен бастады. Қазіргі күні дистанция жол табанын сауықтыру ісінде ағымдағы жөндеу жұмыстарын қарқынды жүргізіп, алдағы уақытта өтетін күрделі жөндеуге жан-жақты даярлық жасауда.
Десек те, таяуда орын алатын жаңашылдықтар қатары бір мұнымен шектелмейді. Аягөз жол дистанциясы үшін өткен жылғы бір ерекшелік сол, станция басындағы кірме жолдарға ерекше көңіл аударылған-ды. Бұл ретте, өңірдегі іргелі, тораптық Аягөз станциясының өз басында 0759 км аумақтың кірме жолы күрделі жөндеуден өткен болатын. Сонымен қатар, желі бойындағы жол машиналарының жұмысы нәтижесінде жол сапасы анағұрлым артып, балдық көрсеткіш жақсарған. Ендігі аралықта жолшылар жылдық жоспар аясында жаңа шараларға кіріспек. Атап айтсақ, қозғалыс жиілігі аса жоғары, маневрлік жұмыстар толассыз жүргізілетін станция басын жаңарту бірінші кезекте жолға қойылып отыр. Соның аясында 9,6 км аумақтың жолы толықтай күрделі жөндеуден өткізілмек. Яғни, жөндеу жүргізу барысында ескі рельстер ауыстырылып, станция жолдары жаңаланатын болады. Сонымен қатар, 3,2 км жердің түйіспесіз желісін ауыстыру көзделуде. Бұл жұмыстар Темекілі мен 27 жолайрығы және Ақболат – Таңсық қумажолында орын алмақ. Бұдан өзге күрделі көлемде жол машиналарының жұмыс істеуі де жоспарланып отыр. Қазіргі күні ПЧ-42 мекемесі жұмыс жобаларын пысықтап, іс жүргізу барысын жүйелеп, материалдық-техникалық база бойынша даярлық шараларын жасап жатыр.
Бүгінгі таңда Аягөздегі ПЧ-42 мекемесінде 140-тың үстінде жол монтері еңбек етуде. Олардың көпшілігі – мол тәжірибелі мамандар. Жалпы, жұмыс күші жеткілікті.
Тәжірибелі басшы, жол шаруашылығының маманы Нұрлан Шәріпқанов жетекшілік ететін жол дистанциясының қарамағына қазіргі күні Ақтоғай-Аякөз-Жарма аралығындағы 225 км телім кіреді. Бұл телім бойындағы жұмыстың өзіндік ауыртпашылығы бар. Атап айтсақ, 225 бас жолдың тек жүз шақырымдайы ғана темірбетонды түйіспесіз жол екен. Қалған бөлігінде әлі күнге дейін ағаш шпалдар жатыр. Сондықтан да жол күтімі жоғары болуы керек. Осыны міндет тұтқан аягөздік жолшылар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сапасын жақсарту мақсатында бұрынғы жылдармен салыстырғанда қарқынды жұмысқа көшкен. Өткен жылғы жоспарлы шаралардың мерзімінде аяқталуы осыған дәлел болса керек-ті.
Дистанция бойынша межеленген басты жаңашылдық сол – 70 шақырымдық станциялық жолдар мен 219 бағыттамалы бұрмаларды темірбетонға ауыстыру ісі кезеңімен жүргізілуде. Техникалардың берілуінде кедергі жоқ. Бұл бағыттағы ауқымды жұмыстар биыл да қарқынмен жалғастық таппақ. Дистанция басшысы Нұрлан Шәріпқановтың айтуынша, ағымдағы жылы «Desec» жол техникасының көмегімен 8 бағыттамалы бұрманы ауыстыру да межеленіп отыр.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Аягөз
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді